Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис


Барыс жалғаулы сөз тіркестері



бет18/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
Барыс жалғаулы сөз тіркестері Барыс жалғаулы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері өзара меңгеріле байланысады да , жанама пысықтауыштық, толықтауыштық катынастарда жұмсалады.

Барыс жалғаулы есімдер етістікті сөз тіркесінде объектілік және пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады .


a ) Объектілік қатынастағы сөз тіркестері , негізінде , қимыл процесінің кімге , неге арналғанын , бағытын , қандай затпен үстемеленгенін , қандай затпен түйіскенін , неге қамтылғанын білдіреді . Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді ( Жамбыл). Абайға үйдегі кемпір де бұрылып қарады . ( М. Әуезов ) ә ) Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері , негізінде , қимыл процесінің бағытын білдіреді және мекендік , мезгілдік , мақсат мағыналарда жұмсалады . Мен ауданға барамын ( Ғ . Мұстафин ) . Бұл үйдің барлық жаны жаланаш - жалпы далаға жүгiрiп шығыпты ( Ғ . Мүсірепов ).



  1. Шығыс жалғаулы сөз тіркестерi Етістікті сөз тіркестерінің жиі ұшырайтын ендігі бір түрі шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тобы . Мұнда да жалғаулы есімдерді етістіктер меңгеріп , солардың байланысынан толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады


Толықтауыштық кызметте жұмсалатын шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің мағыналары , тіркестерінің мынадай болады.
  1. Заттың басқа заттан істелу тегін білдіреді. Тастан жер ошақ жасап , май қайнаттым. Тастан сарай салғызды.


  2. Мағлұматтың, әрекеттің шығу көзін білдіреді. Мысалы: кісіден есту, үлкеннен үйрену, кітаптан оқу.


  3. Шығыс жалғаулы зат есімдер айрылу, құтылу, айығу, жазылу, қашу, тазару, тазарту, безу сияқты етістіктермен тіркесіп, бірдеңеден арылу, құтылу мағынасында жұмсалады. Мысалы: аурудан айығу, бәледен құтылу, жамандықтан қашу.




Пысықтауышқытң қатынастағы етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары шығыс жалғау арқылы тікелей етістікке не демеулер арқылы етістікке бағынады. Пысықтауыштық кызметте жұмсалатын шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің мағыналары , тіркестерінің мынадай болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет