Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис


-сұрақ Сөз тіркестерінің ұйытқы сөздерге байланысты түрлері



бет24/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

23-сұрақ

Сөз тіркестерінің ұйытқы сөздерге байланысты түрлері
Сөз тіркестерінің ұйытқы сөздерге байланысты түрлері
Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады. Әсіресе сын есімдердің (ақ, ала, көк, қара, қоңыр), сан есімдерден (бір, екі, үш, төрт, он екі, қырық, мың), бірлі-жарым етістіктіктерден болған ұйытқы сөздер әрқашан фразеологизмдердің бірінші сөзі болып жұмсалады. Мысалы: ақ айыл, ақ маржан, ақ жауын, ақ жем, екі қабат, екі ұрық, екі талай, өлер жері, ішпегені артында, жегені желім, іреп сойды т.б.
Ұйытқы сөз фразеологизмдердің бірінші өзі болып келуі басты шарт болып табылмайды. Екі компонентті зат есімнен болған фразеологизмге ұйытқы сөз бірінші болып та, соңынан екінші болып та тұра береді. Дегенмен, ұйытқы сөз фразеологизмдердің бірінші (басқы) компонентті болып қолданылуы өте жиі ұшырасатындығын жоққа шығаруға болмайды. Мұны мына төмендегі фразеологизмдердің құрылым-құрылысынан айқын көруге болады. Мысалы: тіс сөзіне қатысты фразеологизмдер. Есім фразеологизмдер: а) сүт тіс, күрек тіс, сиыр тіс, бұзау тіс т.б. ә) тіс қаққан, тісі шыққан, тісі қаладай т.б. Етістік фразеологизмдер: тісің барда ысқыр, тіске сыздығына сақтады, тісін батырды т.б.
Тілдегі кез келген сөз фразеологизмдерге ұйықты бола алмайды. Халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздер ғана ұйықты сөз бола алады. Сөздің сапа жағынан қаншалықты дамығандығын көрсететін бірден бір белгі оның көп мағаналық сипат алып, туынды мағанада жұмсалып, әлденеше фразеологизмдерді тудыруға себеп болуында. Осы ретте қазақ тіліндегі фразеологизмдерді жасаудағы анатомиялық атаулардың, дене мүшелерінің қызметі айрықша екендігін атай кеткен жөн. Көз, ауыз, қол, бас, аяқ, жүрек, тіл, құлақ, табан тәрізді адамның дене мүшелері сөзге арқау, ойға тірек-таяныш болып, тіліміздегі фразеологизмдердің бай қорын жасауда ерекше қызмет атқарады. Ақ, қара, тас, ат, ит, жер ұйытқы сөздер қатарына жатады. Ақ сөзімен келетін фразеологизмдер: ақ ауыз қылу (алдау); ақ жорға (арақ-шарапты айтады); ақ қар көк мұз (аяз, суық); ақ пен қызыл арасында (кешкі уақыт, ымырт); ақ сақал, қара сақал (жасы үлкен адамдар); ақ табан болу (шаршау, көп жүргеннен); ақ торғын (бет, ажар); ақ түйенің қарны жарылу (молшылық).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет