Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис


-сұрақ Сөйлемнің үйірлі мүшелері



бет27/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
28-сұрақ

Сөйлемнің үйірлі мүшелері

Сөйлем мүшесі өзі жасалған сөздің құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып бөлінеді. Дара мүше бір сөзден жасалса, күрделі мүше екі немесе одан да көп сөзден жасалғандықтан солай аталады. Ал үйірлі мүшенің жасалуы құрамы жағынан күрделіге ұқсас болып келеді. Яғни, үйірлі мүше күрделі мүше тәрізді екі, немесе одан да көп сөздерден жасалады. Бірақ құрылымдық, грамматикалық семантикасы жағынан күрделі мүшеден ерекшеленіп ажыратылады.

Үйірлі мүшені құрайтын сөздер өз алдына предикатты бірлік болатын бастауыш-баяндауышқа бөлінетін жай сөйлем құрамдас болып келеді. Бұндай «жай сөйлемнің» баяндауышы есім сөз таптары, есімдік және есімше болады. Бұл өз алдына предикатты бірлік болып саналатын құрылым (конструкция) екінші негізгі сөйлемнің кез-келген мүшесі болып синтаксистік қызмет атқарып тұра алады. Бұл тектес күралымдар ең бірінші бастауыш кызметін атқарады. Мысалы: Білегі жуан бірді жығар, білімі жуан мыңды жығар (Мақал).

Осы тәріздес құралымдарды баяндауыш орнына қойып қолдануға да болады. Алайда ондай құрылым ықшамдалған күйде ғана баяндауыш бола алады. Ал шындығында ол тектес үйірлі мүше ықшамдалған есім баяндауыштың анықтауышы болып табылады: Ол білегі жуан (кісі) т.б.

Үйірлі мүше аталатын бүл тектес предикатты бірліктер толықтауыш, пысықтауыш мүшелері қызметін еркін атқара алады. Мысалға жаңағы келтірген үйірлі мүшелерді толықтауыш, пысықтауыш қызметіне қойып көрсетуге болады. Толықтауыш: Ол білегі жуанды байқады, пысықтауыш қызметінде: Сен білегі жуанша сөйлейсің ғой т.б.

29. Есімді тіркестер

Есімді сөз тіркестер — сөз тіркесінің басыңқы сыңар есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немес етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.

  • Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.


    • Қабысу түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде, өте жиі қолданылатын синтаксистік байлыныс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөздер ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Яғни орын тәртібі арқылы байланысады.


Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі.


    • Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”, “отыздың екеуі”, “менің әкем”).


    • Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (барыс, жатыс, шығыс, табыс, көмектес) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”, “сенімен тұстас”, “сайлауға әзірлік”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет