Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис



бет46/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

48.Түсіндірмелі салалас.
Түсіндірмелі салалас сөйлемде бірінші компонент жалпылық мәнде айтылады да, кейінгі компонентте я компоненттерде оның мәні я себептері сараланып ашылады, талданып түсіндіріледі.
Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, бірінші жай сөйлем баяндауышы сол, сонша, соншама, соншалық, сондай деген есімдіктер мен үстеу сөздерден болған сөйлемдер де осы түсіндірмелі салалас сөйлемге жатады, өйткені мұнда да бірінші компоненттің сыры кейінгі компоненттерде ашылады, түсіндіріледі. Дегенмен салалас сөйлемнің бұл түрінің өзіндік біраз өзгешеліктері де жоқ емес. Ол өзгешеліктер мыналар:
Бірінші жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарушы және сол арқылы екі жай сөйлемді құрмаластырушы болып тұрған сол, сонша, соншалық, сондай, соншама сөздері өз баста уыштарының іс-әрекет, жай-күйлерін өздері ашпайды, сол баяндалатын әрекетке, жағдайға ерекше мән беру, көңіл аударту мақсатымен соған сілтейді де, оның сыры кейінгі сөйлемде ашылады. Соның нәтижесінде кейінгі жай сөйлем тұтасымен алдыңғы жай сөйлемнің баяндауышы орнына қолданылады да, соның білдіруге тиісті мағынасын білдіреді. Мысалы: Менің де ойлап жүргенім сол - енді біз татуласайық деген сөйлемдегі енді біз татуласайық деген екінші компонент бірінші компоненттің баяндауышы білдіруге тиісті мағынаны білдіріп тұр. Сөйтіп, бір ой екі рет айтылады. Бірінші ретте оның сыры нақтылы ашылмай, соған меңзеу, сілтеу түрінде ғана айтылса, екіншісінде ол талдап ашылады.
Ал енді бірінші компонентінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай, соншама сөздерінен болатын құрмаластағы жай сөйлемдердің мағыналық қатынасында сол сөзі аркылы жасалатын құрмаластан гөрі біраз өзгешеліктері болады. Оны байқау үшін мына мысалдарды талдап көрейік: Жұрттың бәріне өлең сөздерінің қазіргі жағдайға үйлесімді көрінгені соншалық - өлеңді олар сақ-сақ күліп қарсы алды. Ақырында хутордың іруінің қатты етек алғаны сондай -- жалаң аяқ, сымбатты, білімді балаларға хутор қыздарының сызылған назы да әсер етпеді. (А. С. Макаренко.) Мұндай санасыз қондырыла салатын тәртіптен тартқан азабым соншама ақыры тіпті Россияға қайта қашып кетпек болдым. (Қозлов.) Оның үстіне киген қытайдың қызыл шайысынан тігілген оқалы көйлегінің ұзындығы сонша - оның етегін бірнеше қыздар саусақтарының ұшымен ұстап көтеріп келеді. (Айбек.) Мысалдардан байқалып тұрғанындай, бұл сөйлемдердің барлығында да бірінші компонентте сол компонентің бастауышы болып тұрған сөздің мағынасы арқылы байқалатын әрекеттің, жай-күйдің ерекше мәнді, әсерлі, күшті болғандығына назар аудартып, соған ой салмағын түсіре сілтесе, екінші компонент біріншідегі сол ерекше жағдайдың нәтижесінде не болғанын баяндайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет