Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис



бет47/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

49.Салыстырмалы салалас.
Жалғаулықты түрі әдеби тілде кейіннен қалыптасты. Оқулықтарда салалас сөйлемнің бұл түрі көрсетілмейді. Алайда әдеби тіліміздің материалы салыстырмалы салалас сөйлемнің жалғаулықтар арқылы да жұмсалатынын көрсетіп отыр, ондай жалғаулықтар – да, де, ал. М.: Құлаққа жағар дәмді сөз бар да, құлақты сарсытар татымсыз сөз бар немесе Тоқсан кішкене денелі адам екен, ал Ізбасты ірі денелі кісі екен. Мұндай сөйлемдердің құрамындағы да жалғаулығы мезгілдестегідей енді мезгіл мәнінде жұмсалмайды, салыстырыла айтылатын нысандарды бір-бірінен даралап, саралап тұрады. Жалғаулықсыз түріне мысал: Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады. Әкімжан он алтыдағы тал шыбықтай бұралған бойжеткен, Маратбек жиырма беске шыққан солқылдаған жігіт болатын (С.Сматаев). (Лексиясы ағайдың)
Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің бұл түріне бір-біріне антитеза немесе аналогия ретінде алынған екі түрлі субъектінің іс-әрекеттерін, қасиеттерін, жай-күйлерін салғастыра баяндайтын сөйлемдер жатады. Салыстырмалы салалас сөйлем мақал, мәтелдерде өте жиі кездеседі. Мысалы: Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тындырмас. Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. Ынтымақты елге ешкім жетпес, ынтымақсыз елдің өкінші кетпес. Тозар елдің жанжалы бітпес,озар елдің арманы бітпес.
Мысалдағы сөйлемдердің бір компонентінде жақсылықтың, ізгі қасиеттің жақсылығы, артықшылығы айтылса, екінші компонентте оған жамандықтың жағымсыз нәтижелері, кесапат қылықтары қарама-қарсы қойыла салғастырылған. Бірақ салыстырмалы салалас сөйлемнің барлық түрі бірдей бұлай болып келе бермейді. Ол кейде бір-біріне аналогия ретінде алынған екі түрлі заттың құбылыстың іс-әрекетін, жай-күйін жай ғана баяндайды. Мысалы: Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ілім - жанып жатқан шырақ. Кең киім тозбайды, кеңесті ел азбайды. Көп қорқытады, терең батырады. Ата көрген оқ жонар, ене көрген тон пішер. Қошқар болар қозының маңдай жағы дөң келер, адам болар баланың етек-жеңі кең келер. Байлауы жоқ шешеннен үндемеген есті ар-
тық, бәйге алмаған жүйріктен белі жуан бесті артық. Жалғыз ағаш орман болмас, жалғыз кірпіш қорған болмас. Қатты жауған күн тез ашылады, қатты ашуланған кісі тез басылады. Қарау адам күншіл, мекер адам міншіл. (Мақал.) Міне, бұл келтірген мысалдағы сөйлемдерде компонентте
баяндалған іс-әрекеттің ешқайсысына, жоғарыдағыдай, артықшылық мән берілмейді. Бір-біріне аналогия ретінде алынған субъектілердің қайсысының қандай қасиеті барлығы, қайсысы
қандай әрекет жасай алатындығы баяндалады. Сөйтіп, мұндағы салыстырудан, теңдестірудің, аналогияның негізі компоненттер субъектілерінде болады. Мысалдағы сөйлемдерде бір-біріне аналогия ретінде отырғандар тал мен бала, су мен сөз, өнер мен ілім, кең киім мен кеңесті ел, көп пен терең т. б. Бұл субъектілердің әрекеттері, қасиеттері өз ара теңдестіріле, бір-біріне ұқсастырыла, аналогия ретінде баяндалады: Тау мен тасты су қалай бұзса, адамзатты сөз де солай бұзады. Қарағайға қарап талдың өсетіні сияқты қатарына қарап бала да өседі т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет