Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис



бет45/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

47.Кезектес салалас.
Қезектес салалас сөйлем деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әрекеттердің бірінен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас кұрмалас сөйлемді айтамыз.Қезектес салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен бірде, біресе, кейде деген кезектестік жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Мысалы:


Біресе бұлбұл нақышты, көп ырғақты «жиырма бесті» созады, бірде назды қоңыр, кең тынысты «Жанбота» шығады. Біржан әкелген Сарыарқаның қан қазынасы кейде шырқап өрлеген Әмір, Оралбай үндерімен шығады, кейде сызылта, жіңішкерте бұралтқан, бірақ соншалық күшті және сонша алысқа тарап естіліп жатқан бой жеткен Балбала, сері сұлу Үмітай, сыпайы сынды Керімбала әндерімен сыр баяндайды. (М. Әуезов.) Үй иесі безектеп біресе өзі есінен адасып тұрған маған жүгіреді, біресе қирап жатқан ыдыстарына жүгіреді. (Ә. Әбішев.) Өзен біресе төмен ағып жатқандай, біресе сай-салаға бұрылып ағып жатқандай. (F. Мүсірепов.) Бірде ол ақтарыла салатындай соңдайлық жақын көрінеді, бірде салқын тартып алыстап кетеді.(Т. Ахтанов.)

Біресе жаудан тартып алған самолетпен елге қарай ұшып келе жатқандай қуанамын, біресе аспаннан құлап келе жатқандай үрейленемін. (Ә. Әбішев.) Жәутіктің ойы біресе бұлттан шыққан қырандай жарқ етіп бой тастайды, біресе ол құйылып алдына қайтып келеді. (Х.Ерғалиев.) Нұрғали біресе Тәукеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді. Ол біресе ұзатылатын қыз болып сыңсиды, біресе қыздың шешесі болып барқырап дауыс қылады, біресе ит болып шәуілдеп үреді, біресе бұзау болып өкіре мөңірейді. (Ғ. Мұстафин.) Ол біресе оң бүйірде түнеріп қалып бара жатқан орманға қарайды, біресе жылтылдап оттары көріне бастаған алдыңғы жақтағы поселкеге көз сүзеді. Ол ебедейсіз алып тұлғасын жасырмақ болып бірде жер бауырлап сүйретіледі, бірде тұра сала бүкшеңдеп жүгіреді. (Б. Момышұлы.) Қезектес мәнді жалғаулықтардың бір-бірінен айтарлықтай мағына өзгешеліктері жоқ, сондықтан олар бірінің орнын екіншісі ауыстыра бере алады. Және ондай ауыстырудан сөйлем мағынасына ешқандай нұқсан да келмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет