Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі туралы баяндап, мысалмен түсіндіріңіз



бет18/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
48.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі туралы баяндап, мысалмен түсіндіріңіз
Сөйлемдегі сөзердің орын тәртібі
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста колданылады. Сол байланыстың негізінде сөйлемдегі сөздердің белгілі орын тәртібі болады. Сөздердің орын тәртібі сөйлем мүшелері ыңғайында былай болады.
1. Бастауыш баяндауыштан бұрын тұрады, көбіне сөйлемнін бас жағында болады да, баяндауыш сөйлемді аяқтап тұрады. Мысалы: Бейсен Жомартпен кейін қайтты (Мұстафин). Тек кейде төл сөзді сөйлемнің автор сөзінде (-деді ол дегенде) бастауыш баяндауыштан кейін келуі мүмкін.
2. Толықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен, анықтауыш өзінің анықтайтын сөзінен, пысықтауыш өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын тұрады. Мысалы: Қаражанның ашуы көздің жасына да айналды (М. Әуезов). Ардақ еш уақытта мұндай қуанған емес. (Мұстафин). Берілген сөйлемдерде Қаражанның (кімнің?), көздің (ненің?) деген анықтауыштар ашуы, жасына деген анықталушы сөздерінен, жасына (неге?) деген толықтауыш айналды деген толықтайтын сөзінен, еш уақытта (қашан?), мұндай (қалай?) деген пысықтауыштар өздері пысықтайтын қуанған емес деген сөзінен бұрын тұр.
3. Бір ғана анықталушы сөзге қатысты бірнеше анықтауыш сөйлемде былай орналасады: анықталушы сөзге ең жакын анықтауыш зат есімнен болған, одан әрірек сын есімнен, есімшеден және сан есімнен болған анықтауыштар, ең әріде ілік септікті сөзден болған анықтауыш тұрады. Мысалы: Жұмысшылардың жалаңдаған өткір темір күректері жерді қояр емес.
Бұл көрсетілгендер — сөйлемдегі сөздердің әдеттегі орын тәртібі. Кейде әр түрлі мақсатпен сөздердің сөйлемдегі қалыпты орын тәртібі бұзылып қолданылуы да мүмкін. Ол көбінесе өленде, ауызекі тілде, ұран түрінде айтылған сөйлемде, немесе белгілі бір сөздерге ерекше назар аудару мақсатынан туады. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды!— Дала, Жамбылды тында. Тарт қолыңды Вьетнамнан!— Қолыңды Вьетнамнан тарт.
Осындай белгілі мақсатпен сөйлемдегі сөздердің қалыпты орын тәртібінің бұзылып қолданылуы инверсия деп аталады.
49. Инверсия түсінігін анықтап, мысалмен түсіндіріңіз
Инверсия – сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып өзгеше тіркестер құратын фигураның бір түрі. Поэзияда да, прозада да қолданылады. Мысалы, “Сен құрметте оны. Түсіндің бе, қарағым. Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын” (Ә.Сәрсенбаев). Қазақ жазушыларының ішінде инверсияны Ғ.Мұстафин жиі пайдаланды: “Сапардың Аманы … шаңқан боздың басынан аса секірердей, еріне көтеріле, ұмтыла берді алға…” (“Дауылдан кейін”).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет