26. Пысықтауышқа анықтама беріп, оның формасы, жасалуы, түрлері туралы баяндап, мысалмен түсіндіріңіз.
Пысықтауыш [1] деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]
Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? Қайда? (қалай қарай?) қайдан? Қалай? Қайтіп? Не себептен? Неліктен? Кім үшін? Не үшін? Не істеуге? Не қылуға? Не мақсатпен? Не арқылы? Кім арқылы? Ненің арқасында? Кімнің арқасында? Не сайын? Кім сайын? Қанша? Қанша уақыт? Неше рет?
Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді:
1) дара пысықтауыш;
2) күрделі пысықтауыш;
3) үйірлі пысықтауыш.
Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді:
1) мезгіл пысықтауыш;
2) мекен пысықтауыш;
3) мақсат пысықтауыш;
4) амал пысықтауыш;
5) себеп пысықтауыш;
6) мөлшер пысықтауыш.
Мезгіл пысықтауыш Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Жолаушылар кешке қарай аттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.
Мекен пысықтауыш Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді.
Мақсат пысықтауыш Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.
Амал пысықтауыш Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр.
Себеп пысықтауыш Неліктен? Не себепті? Жұмысты бітірмегендіктен уақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.
Мөлшер пысықтауыш Қанша? Қалай? Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.
27.Сын қимыл (амал) пысықтауыштың анықтамасын беріп, мағыналық түрлерін мысалмен түсіндіріңіз
28. Құрама баяндауыштарды анықтап, жасалу жолдарын мысалмен түсіндіріңіз.Б аяндауыштың үшінші түрі – құрама баяндауыштар. Бұл Баяндауыштың құрама деген атының өзінен мұнда əрі есімнің Де, етістіктің де элементінің бар екендігі негізге алынған. Əрине, Құрама баяндауыштар, олардың қалыптасуы, оларды құрайтын Бірінші сыңарлары мен екінші сыңарлардың тұлғалық жəне мағыналық ерекшеліктері жеке-жеке сөз зерттеуді керек етеді.
Мұндай баяндауыштардың негізінен екі сыңары, яғни есімді мен етістікті сыңарлары болатындығы негізгі фактор. Құрама баяндауыштың бірінші сыңарлары есімдер болады да, олардың Өздерінің іштей қолдану дəрежесі айқындалады. Есімді баяндауышты құрауда бұл сөз таптарының қызметі ерекше. Олар Құрама баяндауыштың негізгі мағынасы да, сұрақтарда да соЛарды айқындайды. Құрама баяндауыштардың екінші сыңары етістікті делінгенімен, етістіктің ішінде тек көмекші етістіктер Ғана қатыса алады. Ондай негізде көбіне е, де негізгі етістіктерге басқа етістіктер де қатысқанымен, көмекші етістіктері негізгі факТор болады. Құрама баяндауыштардың жасалуында бəрібір олар Көмекшілік қызметте ғана жұмсала алады.