Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Атаулы сөйлемнің анықтамасын айтыңыз, түрлері мен жасалуын баяндап, мысалмен түсіндіріңіз



бет19/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
50.Атаулы сөйлемнің анықтамасын айтыңыз, түрлері мен жасалуын баяндап, мысалмен түсіндіріңіз.
Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің түрі. Ойға қатысты бір ғана атауыш сөзден немесе сөз тіркесінен арнаулы интонациясы арқылы логик. Ыңғайда құралып, баяндау мазмұны мәтінге қатысты айқындалатын бір құрамды сөйлем. А. с. Мағынасы жағынан: а) заттың, құбылыстың, болмыстың ақиқаттығын бейнелей атап көрсетеді: Айдала. Көлдің биік қабағы… Күн батып барады (С. Мұқанов); ә) ақиқатты эмоциялы-сезімдік ыңғайда атап көрсетеді: Шіркіннің күлкісі!.. (Б. Майлин). А. с. Зат есімнен, сонымен бірге заттанған сан есімнен (Екі. Нашар оқитындарға таңылар белгісі — осы), сын есімнен (Шыжыған ыстық. Күйіп тұр.), есімдіктен (Сол. Еркіннің дәл өзі.), есімше, қимыл есімдерінен де жасалады. Құрамы жағынан жалаң, жайылма, дара, күрделі болады: Үскірік. Аяз. Тұлданаған күн. Ауыл. Үй саны жиырма шақты (Б. Майлин). Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жаудың табанына салып бермек (Б. Майлин). А.с. көркем әдебиетте ойды ықшам да бейнелі етіп, кейіпкер мінезін аша түсу үшін қолданылады.
51.Үйірлі мүшенің анықтамасын келтіріп, мысалмен түсіндіріңіз
Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.Жаны сау адам-бақытты адам.қандай адам-жаны сау үйірлі мүше себебі жаны-деген бастауыш,сау-баяндауыш.
52.Оңашаланған бастауыш пен оңашаланған баяндауышты мысалмен түсіндіріңіз
Оңашаланған мүше - өзіне қатысты сөзді интонациялық жағынан ерекшелеп, нақтылып тұратын айқындауыштың түрі. Оңашаланған мүше алдындағы сөзді заттық, шақтық, мағыналық жақтарынан айқындап тұрады (Тойға Жақсыбай ақсақалдың балаларының барлығы да - Айқын да, Сапар да, Батырбек те, Жомарт та келді). Оңашаланған мүше сөйлем мүшелерін түгелге жақын айқындап тұрады. Демек, бастауышты ғана емес, толықтауышты (Тойға жиналғандар Жақсыбай ақсақалдың барлық балаларына - Айқынға да, Сапарға да, Батырбекке де, Жомартқа да - риза болды), анықтауышты (Жақсыбай ақсақалдың барлық бапаларының барлығының да - Айқынның да, Сапардың да, Жомарттың да, Батырбектің де жоғары білімдері бар), пысықтауышты да (Зәресін ұшырып, қорқытып алмайын деп, сыпайы, ақырын дауыспен, өзгелерге естіртпей, нәзік сөйледі) айқындайды. Тілдің мүмкіндігіне қарағанда, синтаксистік тұрғыдан бірыңғай мүше сияқты көрінгенімен, баяндауыштың да оңашаланған мүшелері бар деуге болады (Ашулы екені түрінен көрініп тұр: ызғарлы, қату, зілді немесе Ол әрдайым өзін мәдениетті ұстай біледі: дауыс көтермейді, жалынбайды, жарамсақтанбайды, өтірік-өсек айтпайды). Оңашаланған мүшенің сөз шеберінің стилистикалық ерекшеліктерін тануда, әдеби тілдің байлығын, тілдің оралымдылығын арттыруда қызметі зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет