Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Толымды сөйлемнің анықтамасын айтыңыз, мысалмен түсіндіріңіз



бет16/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Синтаксис-1

37.Толымды сөйлемнің анықтамасын айтыңыз, мысалмен түсіндіріңіз
Толымды сөйлем дегеніміз – сөйлем мүшелері (тұрлаулы мүшелер) толық қатысып ойды жеткізетін сөйлем. Мысалы, Ол бір арба отын алып келді.
38. Толымсыз сөйлемнің анықтамасын айтыңыз, мысалмен түсіндіріңіз
Толымсыз сөйлем деп тұрлаулы мұшелердің бірі түсіп қалған сөйлемді айтамыз. Толымсыз сөйлемді толымды сөйлемге айландыруға болады. Мысалы, Оны сағындым.
39. Номинативті сөйлемнің анықтамасын айтыңыз, мысалмен түсіндіріңіз
Есімді немесе номинативті сөйлемдер дегеніміз ─ бастауышы зат есімнен не есім сөздерден болған сөйлемдер. Есімді сөйлемге бас мүшесі есім не есімді тіркестен жасалған бір құранды сөйлем жатады.
41. Қ.Жұбановтың сөйлем мүшелерін жіктеуге қатысты пікірлерін айтып, мәнін түсіндіріңіз
42.Синтаксистік тұлға, синтаксистік форма, синтаксистік мағына терминдерінің анықтамасын беріп, мысалмен түсіндіріңіз
Синтаксистік тұлға – лебіздің (сөйлеудің) құрылымдық сипатқа ие болған көрінісі. Ол Тұлғалар – сөз тіркесі, сөйлем мүшесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін т. Б.
Синтаксистік тұлғалардың екі түрі бар: 1) құрылымдық, коммуникативтік дербестігі бар Тұлғалар – жай сөйлем, құрмалас сөйлем; 2) құрылымдық (дербестігі жоқ) элемент ретіндегі Тұлғалар – сөз тіркесі, сөйлем мүшесі т. Б. деп көрсете келе, дербестігі жоқ тұлғалар коммуникативтік дербестігі бар тұлғаларды ұйымдастыруға, ал дербестігі бар тұлғалар пікір Алмасуға қатысатын тұлғалар деп таниды.
Синтаксистік форма дегеніміз – синтаксистік тұлғалардың тиісті грамматикалық амалдар арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты.
Синтаксистік мағына – грамматикалық абстракциялы мағына. Синтаксистік форманың мағынасы оның құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасына тәуелді емес деп тұжырымдайды.
Синтаксистік мағына — синтаксистік категориялар мен құралдардын ішкі мазмұны. Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады. Мысалы: предикаттық (баяндауыштық) мағына, бастауыштық (тәуелсіз заттық) мағына, толықтауыштық (тәуелді заттық) мағына, аныктауыштық (заттың тәуелді белгісі) мағына, пысыктауыштық (белгінің белгісі) мағына т. Б. түрде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет