Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет111/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Жақты  сөйлем  грамматикалық  бастауыш  пен  баяндауыштың 
жақтық, сандық қиысуына негізделеді. С.Аманжолов: «Грамматикалық 
бастауыш баяндауыш мүшемен жақтық, көптік жағынан қиысады. Сөй-
лемнің  баяндауышына  қарап,  бастауыштың  қай  жақта  екенін  айтқыз-
бай-ақ білеміз. Өйткені бастауыштың көлеңкесі, сəулесі – баяндауыш», 
– дей отырып, жақты сөйлемнің жасалуын бастауыш пен баяндауыштың 
бойындағы  грамматикалық  жақтық  форманың  сəйкес  келуімен  байла-
ныстырады [2, 172 б.].
«Грамматикалық  бастауышы  бар  не  бастауышы  ерекше  айтылмай, 
оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра атау септеуінің сұрақтарын 
қою арқылы білуге болатын сөйлемді жақты сөйлем дейміз». Бұл анықта-
маның  иесі – алғашқы  қазақ  грамматикасының  «Жай  сөйлем  түрлері» 
бөлімін жазған М.Балақаев. Мұнда да сөйлемнің жақты болуы бастауыш
пен  баяндауыштың  қатынасына  байланысты  екені  айқын [3, 498 б.].
М.Балақаевтың кейінгі еңбектерінің бəрінде де осы анықтама қайталанады.
Р.Əмір: «Жақтық  мағына,  жақтық  форма  бастауыштың  лексикалық 
болмысынан,  баяндауыштың  жақтық  формасынан  көрінеді.  Жақтық 
мағынаға, формаға ие конструкция жақты сөйлем ретінде танылады», – 
дейді.  Мұнда  да  сол  бастауыш  пен  баяндауыш  арасындағы  форма  мен 
мағынаның сəйкес келуі негіз етілген [12, 94 б.]. 
Осы  анықтамалар  негізінде  жақты  сөйлемдер  төмендегідей  құры-
лымда болып келеді:
1) бастауышы 1,2,3-жақтық атау тұлғадағы нақты лексикалық мағына-
лы сөздер (жіктеу есімдіктері, зат есімдер, заттанған кез келген сөз тап-
тары), баяндауышы 1, 2, 3-жақтық тұлғалы етістіктер, есімдер (3-жақта 
нөлдік тұлғада болады) болып келеді:
Мен еріксіз бұл күнде жұрт əбден мойындаған шындықты еске ал-
дым.  Біз  жапырағы  төгілген  үлкен  алма  ағаштың  саясындағы  орын-
дыққа жайғастық. – Сен жайыңа тұр, – деп Жанбаев тыйып тастады. 
Сен, өзің ше, өзің не бітіресің?.. Екеуі əлденеге күлісіп, əңгімелесіп келеді 
(Қ.Жұмаділов). 
2) бастауышы айқын сөзбен берілмеген, бірақ оны баяндауыш бойын-
дағы жақ тұлғасы арқылы немесе мəтін ішіндегі басқа сөйлемдер бойын-
дағы сөздер арқылы тауып алуға болады (мұндай сөйлемдерді бастауыш-
сыз толымсыз сөйлемдер деп те атайды):
...Жігіт далаға шықты да, қасқа дөненіне мініп, жүріп кетті. Енді 
ол ашуланған жоқ. Кешегідей шапқан да жоқ. Өзін кіналап, ұрысқан да 
жоқ...
– Түн ұзақ қой, сен ұйықтай бер, – деді келіншек. 
Жігіт үндемеді.
– Ерте кетіп ең, көп ұзамапсың ғой, – деді келіншек... (Ə.Тарази). 
Сонымен,  жақты  сөйлемдер  деп  айқын  бастауыш  пен  баянда-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет