Синтаксистік парадигмалар


ақталу. – Пəлі, ерсініп жүрген көкжалдарыңа болайын! (Ғ.Мүсірепов)  – менсінбеу



Pdf көрінісі
бет104/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

ақталу. – Пəлі, ерсініп жүрген көкжалдарыңа болайын! (Ғ.Мүсірепов) 
– менсінбеу т.б.
Бұл  сөйлемдердің  мынадай  ортақ  ерекшеліктері  бар: 1-ден,  бəрі  де 
сөйлеу жағдаяты кезіндегі (диалог) пікірге құрылған; 2-ден, бəрі де баста-
уышсыз,  тек  баяндауыш  арқылы  құрылған; 3-ден,  бəрі  де 1,2-жақтық 
мағынаға негізделген; 4-ден, бəрі де белгілі бір көтеріңкі интонациялық 
ыңғайдағы  экспрессивтік-эмоционалдық  мəнге  ие.  Осының  бəрін  жи-
нақтай келіп, нақты іс-əрекет иелерінің (субъектілерінің) мəні преди-
каттық  бас  мүшедегі 1,2-жақтық  тұлғалардың  мағынасы  арқылы 
белгілі болатын жəне грамматикалық бастауыштың сөзбен берілуін 
жалпы  семантикасы  қажет  етпейтін,  экспрессивті-эмоционалдық 
интонацияға ие сөйлем түрін белгілі жақты бір негізді (бір бас мү-
шелі) сөйлем дейміз.
Өткен  ғасырдың 50-жылдарындағы  кей  ғалымдардың  еңбектерін-
де  сөйлемнің  орыс  тілінде  бар  «белгісіз  жақты»  жəне  «жалпылама 
жақты» деген түрлері аталып, олардың қазақ тіліндегі ерекшеліктерін 
анықтауға  назар  аударылған  (Ғ.Ластаева-Мадина,  М.Балақаев).  Алай-
да,  бүгінгі  ғылым  дамуы  тұрғысынан  қарағанда,  ол  мақсаттар  толық 
шешімін таппаған: «сөйлемнің бұл екі түрін бірдей, айырмашылық тек 
мағынасында» деген тұжырыммен шектелген. Соңғы кездегі зерттеулер 
(Ж.Сəдуақасұлы) мұндай сөйлемдердің қазақ тілінде де бар екенін жəне 
өзіндік  ерекшеліктерімен  ажыратылатынын  көрсетті.  Шынында,  олар-
дың  сыртқы  құрылымында  ұқсастықтары  болғанымен,  мағыналарында 
айырмашылық бар. Бұл айырмашылық жалпылама жақты сөйлемде бас 


114
115
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
мүшедегі жіктік жалғауларының жалпылануынан (абстракциялануынан) 
көрінеді. Мысалы: Жер үстінде адам баласы болудан қасиетті не бар 
дейсің (Ғ,Мүсірепов). Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба (Қаз 
дауысты Қазыбек). Келбеті келгеннен кеңес сұра (Мақал) т.б. Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет