120
121
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
месе олардың формалары арасына теңдік белгісі қойылды да, соның
нəтижесі синтаксистік категорияларды морфологиялық категориялармен
бірдей деп қарауға алып келді. Айналып келгенде, сол тұстағы өздерін
сөйлемді «логика-грамматикалық» тұрғыда зерттеушілер деп есептей-
тін ғалымдар «сөйлемнің грамматикалық құрылымы мен семантикалық
құрылымы бір-біріне сай келеді» деген тұжырымды ұстана отырып, ал-
дыңғы қатарға сөйлемнің грамматикалық құрылымын (форманы) шыға-
рып, оның семантикалық құрылымын (мағына) екінші қатарға ығыстыр-
ды. Бұл идея кезінде Ресейде орын алған, кейін Кеңес өкіметінің басты
идеологиясына айналған материалистік идеяға сай бола кетті. Сол кезден
бастап осы идея барлық грамматикаларда басшылыққа алынды, соның
ішінде сөйлемнің «жақты» жəне «жақсыз» түрлері де бар. Осы үдерістен
түркітанушылар да, қазақ ғалымдары да тыс қалған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: