тің орындалу-орындалмауы белгісіз жақ арқылы жүзеге асатыны сөйлем семантикасы арқылы айқындалатын, белгілі болатын, тек əрекеттің орындалуы туралы ғана баяндалатын сөйлем түрін бір не- гізді белгісіз жақты сөйлем дейміз. Осындай сөйлемдердің өзіндік жасалу жолдары бар. Оны мына мы-
салдардан аңғаруға болады. 1) Жерді қазақтың қара тоқпағымен өл- шейді (С.Мұқанов). Анамен алыспайды да, атыспайды да (Ғ.Мүсірепов). 2) – Қош ағайын! Дəм, ырзық бұйырса, амандық, шаттықпен қайта көрісуге жазсын!.. (М.Əуезов). 3) – Бұл итті неге мұнша əлпештеген!.. (Ғ.Мүсірепов). 4) – Ойбай-ау, тонап кетті ғой, тонап! (Д.Исабеков). 5) Сақалы жоқ еркекті əйел демей ме? (А.Тоқмағамбетов). 6) Əскер тəртібі қатты бо- лады дейді (Ғ.Мүсірепов) т.б. Өткен ғасырдың орта тұсынан бастап қазақ тілі грамматикаларына
«жақсыз» аталатын сөйлем түрі ендірілді. Бұл сөйлем түрі жөніндегі
алғашқы пікір М.Балақаевтың еңбегінен басталады да, Ғ.Мадинаның
еңбегінде зерттеу нысанына айналады. Бұдан кейін де талай ғалымдар
(А.Əбілқаев, Н.Сауранбаев, О.Күлкенова, М.Серғалиев, М.Қараев т.б.)
бұл жөнінде пікірлерін білдірді, оқулықтарға ендірді. Қай ғалымның
еңбегінде болса да, оған берілген анықтамалар сарындас, ұқсас болып
келеді жəне сөйлемнің бір негізді құрылымдығы жөнінде ешқайсысында
əңгіме айтылмайды. Онда «бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын,
айтылған іс-əрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда
жұмсалатын сөйлемдер» деген М.Балақаевтың пікірі негізге алынады.
Кейінгі зерттеулер мұндай сөйлемдердің жағы (субъектісі) грамматика-
лық тұрғыда болмағанымен, логикалық ыңғайда айқындалатынын көр-
сетті. Сөйтіп, Маған үйге соға кету керек; Көңілді осылай жұбатуға тура келеді; Сөйлеуге рұқсат етілмейді деген тəрізді сөйлемдерді «жа- нама жақты» деген жалпы атаумен атап, оны іштей «белгілі жанама
жақты», «белгісіз жанама жақты» деген түрлерге бөліп қарауға болады.
Мұның алғашқысында субъекті мəніндегі лексикалық сөз ілік жəне ба-
рыс септігінде түрленіп тұрлаусыз мүше қызметінде келсе, соңғысында
субъектіні айқындайтын сөз берілмейді де, субъекті мəні сөйлемнің тұтас
мазмұнынан аңғарылады.
116
117
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар Сонымен, жанама жақты бір негізді сөйлем деп субъектінің мəні