Синтаксистік парадигмалар


 Жалаң жəне жайылма сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет113/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

2.4.5. Жалаң жəне жайылма сөйлемдер
Сөйлемді зерттеудің қай бағыты да оны құрайтын тілдік бірліктердің 
табиғатын  тануға  негізделеді.  Сондай  тілдік  бірліктердің  ішінде  сөздің 
орны  айрықша.  Сөздер  сөйлем  құрамына  енгенде  өзара  жəне  басқа  да 
тілдік  тұлғалар  арқылы  лексика-семантикалық  жəне  грамматикалық 
жағынан  сəйкестеніп  тіркес  құрады  да,  сөйлем  мүшелеріне  айналады. 
Осы  сөйлем  мүшелері  іштей  тұрлаулы  жəне  тұрлаусыз  болып  бөлініп, 
тұрлаулы мүшелер сөйлем құраудың ұйтқысы, предикативтіліктің негізі 
ретінде қарастырылады. Сөйлемнің құрылымдық жағынан жалаң жəне 
жайылма болып бөліну мəселесі сөйлем мүшелерінің өзара қатысымен 
анықталады.
 Негізін орыс тіл білімінен алатын, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 
бастап түркітанушылар қолданған сөйлемнің «жалаң» жəне «жайылма» 
болуы туралы айтылған ой-пікірлерді қазақ тіл білімінің негізін салушы-
лардың  (А.Байтұрсынов,  Қ.Жұбанов,  Н.Сауранбаев,  М.Балақаев  т.б.) 
барлығы  да  қолдады,  өздерінің  зерттеу  еңбектеріне  арқау  етті.  Сөйтіп, 
қазақ тіл білімінде де сөйлемді «жалаң» жəне «жайылма» деп жіктеу сөй-
лемнің  предикативтілік  құрылымына,  ондағы  синтаксистік  мүшелердің 
арасындағы қатынасқа негізделетіндігі тұрақтанды.
Қазақ тіл білімінде жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдерге алғашқы 
анықтаманы  А.Байтұрсыновтың  «Тіл – құралынан»  табамыз.  Онда: 
«Тұрлаулы мүшелері ғана бар сөйлем жалаң деп аталады... Тұрлаулы мү-
шелерінен басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем жайылма болады», 
– делінген [1, 297 б.]. Жалаң сөйлемге берілген анықтама, кейінгі көзқа-
растар тұрғысынан қарағанда, 1-ден, жалаң сөйлемге дəл келе қоймай-
тын сияқтанады. Өйткені жайылма сөйлемдердің де тұрлаулы мүшелері 
болатыны белгілі. Сондықтан да ғалымның ойын «тек тұрлаулы мүше-
лерден  тұратын»  деген  мағынада  түсіну  қажет  сияқты.  Өйткені,  автор-
дың бұл ойы тұрлаулы мүшелердің қызметін баяндаған кезіндегі мына 
анықтамасында  айқын  берілген: «Бастауышы  мен  баяндауышы  бар, 
екі  мүшелі  ғана  сөйлем  жалаң  сөйлем  деп  аталады» [1, 276 б.]. 2-ден, 
алынған мысалдарға қарап, баяндауыш мүше тек етістік сөз табы болуы 
міндетті емес екенін байқаймыз. Яғни ғалым өзі тұсындағы кей орыс ға-
лымдарының «баяндауыш тек етістік сөз табы болуға тиіс» дегенге сая-
тын пікірлерінен аулақтаған тəрізді. 
Жайылма сөйлем анықтамасынан жəне ғалым келтірілген мысалдар-
дан  байқайтынымыз: 1-ден,  мұнда  да  сөйлемдік  құрылымға  баста-
уыш-баяндауыштық қатынас алынады жəне оған кем дегенде бір тұрлау-
сыз мүше қосылса ғана ол жайылмаланады, 2-ден, тұрлаулы мүшелер де, 
тұрлаусыз мүшелер де дара сөзден де, сөз тіркестерінен де жасала береді, 
3-ден, сөйлем мүшелері орын ауыстырып та қолданылады, əсіресе өлең 
сөздерде сөйлем мүшелерінің орын тəртіптері сақталмайды. Яғни ғалым 
сөйлемнің құрылымдық жағынан жалаң жəне жайылма болу ерекшелік-
терін анықтауда қазақ тіл білімінде алғаш жол салды. 
Бұдан кейін қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі Қ.Жұбанов 
1936 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің грамматикасы» атты орта мек-
тептің 5-класына арналған оқулығында: «Негізгі мүшелері ғана (баста-
уышы мен баяндауышы ғана) бар да, айқындауыш мүшелері (бұл еңбек-
те ғалым А.Байтұрсынов қолданған тұрлаусыз мүшенің үш түрін қосып 
«айқындауыш мүшелер» деп атайды – Ж.С.) жоқ сөйлемді жалаң сөйлем 
дейміз... 
Айқындауыш мүшелері де бар болса, сөйлем жайылма болады...» – де-
ген анықтамалар берген [15, 145 б.]. Ғалым 1937 жылы «Ауыл мұғалімі» 
газетінде басылған «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» атты 
мақаласында да осы анықтаманың мазмұнын сақтай отырып қайталаған 
[15, 198 б.].
С.Аманжоловтың  еңбегінде  сол  кезге  дейінгі  сөйлемдерді  жіктеу 
«таза формалды бөлу» дей отырып, жалаң жəне жайылма сөйлем жөнін-
де айтылып келген пікірлерге өз көзқарасын былайша білдіреді: «...Жа-
лаң сөйлем ойды мейлінше үнемі толық бере алмайды, біз оған толық қа-
нағаттана қоймаймыз. Кейбір пікірге, анықтамаға байланысты айтылған 
ойды жалаң сөйлем қанағаттандыра алады. Жалаң сөйлем қазіргі ұғымда 
екі  сөзден  құралады  (бастауыш,  баяндауыш)...  Егер  бастауыш  баянда-
уыштың  үстіне  басқа  сөйлем  мүшесі  қосылса,  жайылма  сөйлем  болып 
кетеді...» [2, 162 б.].
Ғалым  бұдан  əрі  сөйлемнің  жалаң  жəне  жайылма  болып  бөлінісі 
жөніндегі  өзіне  дейінгі  жəне  сол  тұстағы  тұжырымдардың  формалдық 
құрылымға негізделіп айтылғанын ескертеді. 
Сөйлемнің  жалаң  жəне  жайылма  түрлері 1954 жылы  жарық  көр-
ген  «Қазіргі  қазақ  тілінде»  де  қарастырылған.  Онда  жалаң  сөйлемге: 


124
125
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
«Бастауыш пен баяндауыштан (не оның бірінен) құралған сөйлемді жа-
лаң сөйлем дейміз», ал жайылма сөйлемге: «Бастауыш, баяндауыштан 
басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем деп атай-
мыз», – деген анықтамалар берілген [3, 410-411 бб.]. Бұл анықтамалар-
дың  өзіне  дейінгі  анықтамалардан  пəлендей  өзгешелігі  байқалмайды. 
М.Балақаевтың 1959 жылы  орыс  тілінде  жарыққа  шыққан  еңбегінде: 
«Предложения по своей структуре делятся на простые и сложные, по 
характеру  составных  частей – на  распространенные  и  нераспростра-
ненные, личные и безличные, полные и неполные», – дейді де, бұдан 
кейін ешбір жерде жалаң жəне жайылма түрлері арнайы сөз етілмейді 
[4, 417 б.]. Бірақ сөйлемнің бас мүшелердің предикативтік қатынасына 
құрылатыны жəне олардың тұрлаусыз мүшелер арқылы жайылмалана-
тыны жөнінде пікірі бар. Ол пікірлерге қарағанда, ғалымның ойынша, 
жалаң сөйлем деген арнайы сөйлем түрі емес, кез келген құрылымдағы 
сөйлемнің ең кіші қарапайым синтаксистік құрылым үлгісі. Ондай сөй-
лемді кез келген уақытта тұрлаусыз мүшелерді қатыстыру арқылы жа-
йылмаландыруға болады. 
1991  жылдан  бері  қарайғы  шыққан  қандай  да  бір  еңбектерде  «жа-
лаң сөйлемнің бастауыш пен баяндауыштан немесе соның бірінен», ал 
«жайылма сөйлемнің бас мүшелер қатарына кем дегенде бір тұрлаусыз 
мүшенің енуінен» болатыны арқау етіледі. Мысалы, 2002 жылы шыққан 
«Қазақ грамматикасында» жалаң жəне жайылма сөйлемдер жөнінде бы-
лай делінген (бөлімді Р.Əмір жазған): 
«...Жай сөйлем осы сөйлемнің негізі болып табылатын тек қана тұр-
лаулы мүшелерден құралса, ондай жай сөйлемдер жалаң сөйлем деп ата-
лады.
Жалаң негізді сөйлемдер екі құрамды болып келеді. Оның құрамында 
бастауыштың  да,  баяндауыштың  да  құрамын  кеңейтуші  мүшелері  бол-
майды... 
Жайылма сөйлем жалаң сөйлемді құраушы тұрлаулы мүшелерге қа-
тынасқан тұрлаусыз мүшелері бар жай сөйлемнен жасалады. Тұрлаулы 
мүшелердің бірінде ең кемі бір тұрлаусыз мүше тіркессе, онда ондай жай 
сөйлемдер жайылма сөйлем болып саналады» [16, 664 б.].
Сонымен,  қазақ  тіліндегі  жалаң  жəне  жайылма  сөйлемдер  жөнінде 
осы күнге дейінгі жазылған еңбектер мен онда айтылған ой-пікірлерді, 
берілген анықтамаларды сарапқа салғанда, мынадай қорытынды жасауға 
тура  келеді:  жалаң  сөйлем  тек  қана  тұрлаулы  мүшелердің  тіркесі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет