Анықтауыштарзат есім немесе субстантивтенген басқа да сөз
таптарынан болған мүшелермен атрибутивтік қатынаста болады да, өзі
анықтайтын сөздермен интонациялық жағынан ыңғайласып, бір рит-
микалық топ құрайды [16, 655 б.]. Мағыналық жағынан сапалық жəне
меншікті болып бөлінетін анықтауыштар анықталушы сөзбен тиісінше
қабыса жəне матаса байланысып, сөйлемнің структуралық (сыртқы)
құрылымын кеңейтумен бірге семантикалық (мазмұндық) құрылымын
кеңейтуге де белгілі дəрежеде атсалысады. Бұлар да: 1) нақты сөйлем
мүшелік қызмет атқарумен бірге, 2) детерминанттық қызмет те атқарады.
Мысалы: 1) Бəріне кінəлі жаңағы шал (Д.Əбілев). Жас бұзау қалжы- рай бастады (Т.Нұрмағамбетов). Жаппардың күндегісі осы (Ə.Кекілба- ев). Мен Ортөбедегі құмырашымын ғой (Ə.Кекілбаев). 2)...Ондай қоңторғай жұртпен ештеңе бітіре алмайсың (Ə.Кекіл- баев). Үшеуі ұсақ-түйек дүниелерді машинаға сала бастады (Қ.Жұ- маділов). Үлкен орынға отырған сенің алдыңа мен əлі бір рет барғаным жоқ (Қ.Жұмаділов). Меңіру далада жалғыз келеді (Ə.Тарази). Алғашқы
сөйлемдер тобындағы анықтауыштар сөйлемнің сыртқы жəне ішкі
құрылымдарында аса маңызды рөл атқарса, екінші топтағы анықта-
уыштар сөйлемнің жалпы семантикасын нақтылай түсу үшін ғана қыз-
мет атқарады. Бұларды сөйлем құрамынан шығарғанның аса залалы
жоқ.