Синтаксистік парадигмалар


нен  (немесе  біреуінен)  жасалатын  болса,  жайылма  сөйлем  осы  еке-



Pdf көрінісі
бет114/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

нен  (немесе  біреуінен)  жасалатын  болса,  жайылма  сөйлем  осы  еке-
уіне кемінде бір тұрлаусыз мүше тіркесу арқылы жасалады, яғни кез 
келген жалаң сөйлемді жайылма сөйлем етуге болады. Бұл сөйлемнің 
таза  формалды-грамматикалық  сипатын  ескеру  тұрғысынан  жасалған 
тұжырым екені анық. Расында, мəтін ішінде стильдік мақсатта толымсыз 
құрылымда қолданылған кей сөйлемдер сырттай қарағанда тек тұрлаулы 
мүшелерден құралуы əбден мүмкін. Мұндай синтаксистік құрылымдағы 
жалаң сөйлемдер мағыналық жағынан толыққанды жалаң сөйлемдермен 
ұқсас болып келеді. Егер кез келген сөйлем мəтіннің бөлшегі ретінде қа-
тынас құралы қызметін атқаратынын ескерсек, қазіргі кезде жалаң сөй-
лемнің осы екі түрінің функционалдық-коммуникативтік ерекшеліктерін 
ескере отырып, бір-бірінен ажырата қарау керек тəрізді.
Мəселен, таза жалаң сөйлем, мəтіннің ішінде болсын, одан тыс тұр-
сын, құрамына тұрлаусыз мүшелерді қоспай-ақ, айтылар ойдың мазмұн-
дық-семантикалық құрылымын сақтай алатын болуға тиіс. Олай болмаған 
жағдайда мəтін ішіндегі кез келген жайылма сөйлемнің толымсыз түрін 
жалаң сөйлемдермен шатастыру əбден мүмкін. Мысалы, Жарқын жүзе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет