134
135
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
онымен əлсіз байланыста болады да, детерминант қызметін атқаруға бе-
йім тұрады.
Сонымен, сөйлем құрылымындағы пысықтауыш мүшелер де басқа
тұрлаусыз мүшелер тəрізді сөйлемді мағыналық жағынан болсын, син-
таксистік құрылымы жағынан болсын жайылмаландыруға белсене қа-
тысады. Мұнда олар сөйлемнің коммуникативтік ерекшеліктеріне сай
жəне соған байланысты баяншының сөйлесім мазмұнына салар салмағы
негізінде түрлі позицияда келіп, детерминант немесе əмбебап мүшелер
қызметінде жұмсалады.
Жоғарыда үш тұрлаусыз мүше жекелей алынып, олардың сөйлемді
жайылмаландырудағы қызметтері анықталды. Алайда, сөйлем барлық
уақытта тек осындай қарапайым құрылымда бола бермейді. Сөйлесім
кезіндегі берілетін хабардың барынша толық əрі түсінікті болуы үшін
сөйлем құрылысына тұрлаусыз мүшелер молырақ араласады. Хабардың
тема жəне рема бөліктерінде тұрлаусыз мүшелердің көбірек жəне жүйелі
қатысуы берілетін сөйлемнің синтаксистік те, мағыналық та құрылымда-
рын кеңейте əрі күрделендіре түседі. Сөйлемнің күрделене түсуі, бір
жағынан баяншының танымдық деңгейімен жəне соған сай өз ойын жет-
кізе білуі үшін тілдік бірліктерді қалай пайдалана алуымен байланысты
болса, екінші жағынан, баяншы осы сөйлемді қабылдаушының да та-
нымдық деңгейін есепке алуы тиіс. Сондықтан да тұрлаусыз мүшелердің
сөйлем құрылымына қатысы мен құрамы да алуан түрлі болады.
Сөйлем құрылымын жайылмаландыруда оқшау сөздер мен айқында-
уыш мүшелердің де маңызды екендігі жөнінде ғалымдар ортақ пікірде.
Мұндай сөздердің сөйлемнің грамматикалық құрылымынан оқшау бола
тұрып, оның семантикалық құрылымына тигізер əсері туралы қазақ
грамматикаларында үнемі көрсетілумен келеді. Осы тұрғыдан келгенде
мұндай тілдік бірліктердің детерминанттық қызметі айрықша екені өзі-
нен-өзі түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: