білмейтін. Бірақ (ол) шешінді... Ол бір уыс суды іліп алып, аузын шай-
қады... (Қ.Жұмаділов) деген сөйлемдердің алғашқы екеуі тұрлаулы мү-
шелерден құралған, олар қандай да бір тұрлаусыз мүшені ендіруді қажет
етпейді. Бұл бастауыш пен баяндауыш мүшелердің мағыналық жағынан
тығыз байланысымен айқындалады (мысалы, алғашқы сөйлемге «суда»
сөзін енгізуге болатын сияқты көрінгенімен, олай етудің қажеті жоқ, өйт-
кені жүзу əрекеті суда болатыны өзінен-өзі айқын). Ал соңғы құрмалас
сөйлем сыңарларының екеуі де құрамында тұрлаусыз мүшелер болуына
байланысты жайылма болып есептеледі. Бұларды құрап тұрған бас мү-
шелерді («ол іліп алып» жəне «(ол) шайқады») кейінгі орыс ғалымдары
жайылма сөйлемнің «кіші құрылымдық үлгісі» (минимальная структура)
деп есептейді. Бұрынғы ғалымдар жалаң сөйлем құрылымы жағынан осы
кіші құрылымдық үлгіге сəйкес келетін болғандықтан да, оны барлық
уақытта жайылмаландыруға болады деп есептейді. Шындығында бұл екі
нəрсе бір емес екенін мынадай құрылымдағы сөйлемдер арқылы одан əрі
дəлелдей түсуге болады: Айттым, бітті. Кестім, үзілді!.. Тараңдар!..
(Ғ.Мүсірепов). Жаса, жайна! Жадыра! Жаңар, далам! (И.Оразбаев).
Кетіңізші, өтінемін!.. Сау болыңыз. (Д.Исабеков). – Амансыңдар ма,
айналайындар?! (С.Асылбеков). – Отыр да, сөйле!.. (М.Жұмабаев) т.б.
Келтірілген жалаң бір негізді сөйлемдердің қай-қайсысы да қандай да
бір тұрлаусыз мүшемен толықтыруды қажет етпейді, олай етуге болмай-
ды да. Себебі, олай етер болсақ, сөйлем өзінің мағыналық, мазмұндық
мəнінен де, құрылымдық түр-сипатынан да айырылар еді. Бұл, əрине,
жазушының өзі мақсат еткен хабарды тыңдаушыға (оқырманға) қалайда
дəл əрі нақты жеткізу үшін қолданған амалы.
Ал жайылма сөйлем болса, əуелі жалаң сөйлем құрылып, содан соң
ғана оған тұрлаусыз мүшелер тіркесу арқылы жасалмайды. Ол берілетін
хабардың мазмұнын құрайтын мида автоматты түрде пайда болған логи-
калық ұғымдардың жүйесі ретіндегі сөйлеудің (немесе жазудың) лексика-
лық мағыналы сөздер мен олардың грамматикалық тұлғалары ыңғайын-
126
127
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
да құралған, жалаң сөйлемге қарағанда сандық (мүшелер саны) жағынан
да, сапалық (мазмұн-мағынасы) жағынан да біршама күрделі, логи-
ка-грамматикалық предикативтілікке негізделген тілдік көрінісі болып
табылады. Сондықтан жайылма сөйлемдердің қайсысы да тұрлаусыз мү-
шелерін алып тастап, жалаң сөйлем етуге көне бермейді жəне олай етуге
болмайды да. Мысалы: Ысқақты Қызылжардағы қазақ жұмыскерлері
бермеді (С.Сейфуллин). Осы сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерді (Ысқақты,
Қызылжардағы) шығарып тастасақ, «қазақ жұмыскерлері бермеді» де-
ген бастауыш пен баяндауыштың тіркесінен ешнəрсені ұғуға болмайды.
Сондықтан мұны сөйлем деуге де, яғни жалаң сөйлем деп айдар тағуға
да болмас еді. Оны тек сөйлемнің кіші құрылымдық үлгісі деп түсіну қа-
жет. Осы себептерден де жалаң сөйлем мен сөйлемнің кіші құрылымдық
үлгісі (минимальная структура) сəйкес келуі де, сəйкес келе бермеуі де
мүмкін. Осыған байланысты кез келген жағдайда жалаң сөйлемді жай-
ылмаландыруға немесе керісінше жасауға мүмкін болмайды. Себебі ол
баяншының хабарды беру мүмкіншілігіне, оның таным деңгейіне байла-
нысты құрылады. Сондықтан, сөйлем қандай құрылымда берілсе (жалаң
немесе жайылма), сол құрылымда қабылдану қажет.
Сонымен, қазіргі жалаң аталып жүрген сөйлемдер мəтін ішінде екі
түрлі мағыналық құрылымымен ерекшеленеді: 1) толымсыз мағына-
лық құрылым (мағынасы синтаксистік ыңғайда мəтін ішіндегі басқа
сөздермен толықтыруға болатындай түрі) жəне 2) толымды мағыналық
құрылым (мағынасы басқа сөзбен толықтыруды қажет етпейтін түрі).
Шындығында, осы соңғысы ғана тұлғалық жағынан болсын, мағына-
лық жағынан болсын, жалаң сөйлем болуға лайықты.
Жалаң сөйлемдер көбінесе екі бас мүшелі құрылымда мынадай сөз
таптарынан жасалады:
- зат есім ↔ етістік (дара жəне күрделі): Күн батып, қас қарайып ба-
рады. Күн батып кетті. Мақпал елең етті. – Балаңыз табылды, жеңе-
ше. Сатушы жаңылысқан болар т.б.
- зат есім (дара, күрделі) ↔ сын есім (дара, күрделі): Аспан да, жер
де сұп-сұрғылт. Түн жып-жылы. Аспан əлемі астаң-кестең. Үй іші ала
көлеңке. Барлығы аман-есен. Мен бе – тасжүрек? т.б.
- зат есім ↔ зат есім (дара, күрделі, кей септік жалғаулы): Сұңғат –
факультет деканы. Ауыл ұйқыда. Түз несібесі – тəңірден т.б.
- есімдік ↔ зат есім: Мен – Маратпын ғой... Мынау – көпшілік.; Бұл
– ақиқат т.б.
- есімше (дара, күрделі) ↔ зат есім, (дара, күрделі): Өмір деген қызық
қой. Анау көлбеп жатқан – Арғанаты т.б.
- зат есім ↔ есімдік: Бригадир қайда? Бұл – кім? т.б.
- зат есім ↔ модаль сөздер: Беталысың дұрыс, Қозыбай. – Қарсылық
жоқ т.б.
Ал бір бас мүшелі құрылымдағы жалаң сөйлемдер: 1) есім сөздерге
көмекшілердің тіркесуі арқылы, 2) категориялық, тұлғалық түрленістер-
ге түскен етістік сөз табынан жасалады. Мысалы:
1) – Ə-ə, інішек, сіз екенсіз ғой...
Есіктің қоңырауы сыңғырлап қоя берді. Почтальон екен.
2) – Тұрсайшы, мың болғыр... Бол, қой өріп барады.
– Өлтіресің бе?.. Көзіңе қарасайшы.
– Тоқта! Ақырын! – деп қалды Сабыр.
– Не істеуші ем? Жұмыс істеймін, Үйленемін... т.б.
Жалаң сөйлемдер негізінен мəтін ішінде жеке сөйлемдер ретінде де,
құрмаластар мен күрделенген сөйлемдердің сыңарлары ретінде де қол-
даныла береді.
Жоғарыда көрсетілгендей, жайылма сөйлем болуы үшін сөйлем
құрамында оның предикативтік негізін (сөйлемнің кіші құрылымын)
құрайтын бас мүшелерден басқа кем дегенде бір тұрлаусыз мүше бо-
луға тиіс. Бұл – жайылма сөйлемге беріліп жүрген дəстүрлі анықтама.
Алайда, тіл біліміндегі соңғы жаңалықтар сөйлемді жайылмаландыруға
қатысатын тұрлаусыз мүшелердің əрқайсысының сөйлемнің құрылымы
мен мағынасына қатысы əртүрлі болатынын жəне, сондай-ақ, сөйлем
мүшелерімен бірге сөйлем мүшелері бола алмайтын, сөйлемнің синтак-
систік құрылымына ене алмайтын сөздер мен тіркестердің (оқшау сөздер
мен сөз тіркестері, сөйлемдер, модаль сөздер) де сөйлемнің мазмұндық
құрылымын кеңейтуге, жайылмаландыруға қатыса алатынын көрсетіп
отыр. Бұл сөйлемді қатынас құралы тұрғысынан əртүрлі қырынан (ком-
муникативтік, логика-грамматикалық, семантикалық) өзара байланысты-
ра зерттеулердің нəтижесі деп есептеу қажет. Қалай болғанда да, сөй-
лем құрылысы (структуралық құрылымы) жағынан болсын, мағыналық
құрылымы (логикалық немесе семантикалық) жағынан болсын, «тек
сөйлем мүшелерінің қатынасынан тұрады» деп есептелетін ауқымнан
əлдеқашан шығып кетті. Бұл, бір жағынан, тілдің де дамып отыратын
құбылыс екенімен байланысты болса, екінші жағынан, қоғам дамуына,
оның талаптарына сай ғылымның да үнемі дамып келе жатқандығымен
байланысты.
Сөйлемнің жайылмалану процесі – өте күрделі құбылыс. Бұл күр-
делілік, əсіресе сөйлемді (сөйлеуді) ойдың көрінісі ретінде талдағанда
анық байқалады. Өйткені, адамның ойлау процесі оның танымдық ерек-
шелігімен тығыз байланысты болғандықтан, сөйлем хабар берушінің
осы танымдық-психологиялық сапасына сай құрылады. Соған сай тіл-
дік бірліктер таңдалады. Сондықтан бірдей мазмұндағы хабарды əр адам
əртүрлі сөйлемдік құрылымда жеткізуі мүмкін. Осыған сай бір сөйлем
жинақы, ықшам, бірақ мазмұнды дəл жеткізетіндей болып құрылса,
екінші бір сөйлем шұбалаңқы, созылыңқы, көп сөзді болып құрылады.
128
129
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Осы ерекшеліктерге орай адамдардың қатысымдық сапасы да (комму-
никабельность) бағаланады. Қалай болғанда да баяншының (Ф.Оразба-
еваның термині) мақсаты анық, ол – өз ойын тыңдаушыға толық, айқын,
дəл жеткізу.
Қазіргі кезде зерттеушілердің еңбектерін саралап талдау сөйлемді
жайылмаландырудың төмендегідей тəсілдері бар екенін байқатады:
1) тұрлаусыз мүшелер арқылы жайылмалану;
2) оқшау сөздер мен айқындауыш мүшелер арқылы жайылмалану.
Достарыңызбен бөлісу: |