Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет117/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

тура толықтауыштың орны айрықша деп есептеледі. Себебі, тура то-
лықтауыш өз жетегіндегі айтылатын сөзге мағыналық жағынан да, тұлға-
лық жағынан да бүтіндей тəуелді болады. Мəселен, сөйлем баяндауышы 
сабақты  етістіктен  жасалса,  ол  міндетті  түрде  табыс  септігіндегі  сөзді 
меңгереді не өзінің алдында сондай сөздің болуын қажет етедіƏкімбек 
басын шайқады. Шал шамды жарқ еткізді. Бөкен ернін тістеді.
Бұл заңдылық тек етістіктің предикаттық қызмет атқаруы кезінде, яғни 
сөйлемнің рема бөлігінде ғана емес, олардың басқа сөйлемнің тема бөлігі-
не ауысып қолданылу кезінде де сақталынады. Мысалы: «Сені шақырған 
Тоқан. Тірлікті тіреп тұрған үміт көрінеді. Бізді тəрбиелеген кітап. Хат-
ты жазған апасы екен». Бұл жерде ескеретін бір жай – сөздердің сөйлем 
мүшелік қызметі ғана емес, олардың мағыналық жағынан өзара сəйкесте-
не тіркесуі де тіркесімділік сипаттың пайда болуында басты рөл атқарып 
тұр деуге болады. Сөйлесім жағдаятында хабардың адам ойында қалып-
тасқан  мазмұнын  əр  баяншының  əртүрлі  беруі  де  сол  хабардың  тілдік 
мақсатына сай болады. Бұл тілде өзектендіру (актуализация) үдерісімен 
тығыз байланысты деп есептеледі (Қазақ тіліндегі актуализация мəселесі 
туралы Р.Əмір, Ш.Бектаевалардың еңбектерін қарау қажет).
Табыс  жалғаулы  толықтауыштар  есімдерге  меңгерілу  арқылы  да 
сөйлемнің  құрылымдық-мағыналық  жайылмалануына  себепші  болады. 
Мұндай  жағдайда  табыс  септігіндегі  сөз  есімдерге  көмекші  етістіктер 
тіркескен  құрама  баяндауыштармен  байланыста  болады.  Мысалы:  Бір 
кемпір бір кемпірді əже дейді (Мақал). Сақалы жоқ еркекті əйел демей 
ме? (Ғ.Мүсірепов).
Сөйлемді жайылмаландыруда жанама толықтауыштардың да өзін-
дік  орны  бар.  Бұл  жөнінде  А.Байтұрсынов,  Қ.Жұбанов,  С.Аманжолов, 
М.Балақаев,  Р.Əмір,  Қ.Шəукенов,  С.Исаев,  А.Аблақов,  Т.Сайрамбаев, 
Г.Есжанова  т.б.  тілші  ғалымдардың  еңбектері  мен  Г.Қ.Бакубаеваның 
„Қазіргі қазақ тіліндегі жанама толықтауыштар” атты кандидаттық дис-
сертациясынан біршама толық мəліметтер алуға болады. 
Жанама толықтауыштардың сөйлемнің синтаксистік құрылымы мен 
мағыналық құрылымындағы орны олардың предикативтік мүшемен бай-
ланысы арқылы айқындалады. Ал тілдік материалдар бұлардың да тура 
толықтауыш тəрізді предикативтік мүшемен байланысы екі түрлі бола-
тынын көрсетеді. Жанама толықтауыш қызметіндегі сөз, бірде сөйлесім 
кезіндегі хабардың негізгі мағынасы үшін жəне оны білдіретін рема қыз-
метіндегі баяндауыш мүше үшін аса маңызды болып, олардың мазмұнын 
нақтылай, кеңейте түсу мақсатында грамматикалық жағынан жанамалай 
байланысса, енді бірде детерминациялық қызмет атқарады. 
Алғашқы жағдайда жанама толықтауышты түсіріп айтқанда, мазмұнға 
елеулі  нұқсан  келеді.  Оны  барыс  жалғаулы  жанама  толықтауыштың 
жайылмаландырушылық  қызметі  арқылы  дəлелдеуге  болады.  Мысалы, 
Мұқа атына мінді (Т.Нұрмағамбетов). Осы сөйлемдегі атына жанама 
толықтауышын түсіріп айтудың еш мүмкіншілігі жоқ (Мұқа мінді). Өйт-
кені,  біріншіден,  міну  əрекетінің  объектіге  (атқа)  қатыстылығы – əрбір 
қазақ санасында өмірлік қалыптасқан құбылыс. Екіншіден, бұл, грамма-
тикалық жағынан да тілімізде септік жалғауларының ауысып қолданылу 
заңдылығы ретінде бұрыннан дəлелденген (Атты мінді – Атқа мінді). 
Сөйлем ішіндегі əрбір мүше сол сөйлемнің мазмұнына қызмет ету жо-
лында белгілі бір орынға ие болады. Грамматикалық тұрғыдан қарастыр-
ғанда, толықтауыштың орны өзі жайылмаландыратын мүшенің (сөздің) 
алдында  болады  да,  мазмұндағы  маңыздылығына  қарай  сөйлемнің  əр 
позициясына  жылжып  отырады.  Жайылма  сөйлемнің  тек  толықтауыш 
мүшемен жайылмаланған түрлерінде олардың (толықтауыштардың) ор-
наласу тəртібі өзектену (актуализация) принципіне байланысты болады. 
Яғни толықтауыштың орны дəл сол ойды, пікірді білдіруде қаншалықты 
маңыздылығына  байланысты  айқындалады.  Мəселен,  барыс  септікті 
жанама  толықтауыштар,  жоғарыда  аталғандай,  барлық  уақытта  сөйлем 
білдіретін хабар мазмұны үшін аса маңызды бола бермейтіні де болады.
Мысалы,  Əсияны  көндіру / Əміржанға  қиын  болған  жоқ  (С.Мұқа-
нов)  сөйлемінде  хабардың  предикативтік  негізін  құрайтын  „Əсияны 
көндіру қиын болған жоқ” деген бастауыш пен баяндауыштың қатына-
сы осы құрылымда хабардың мазмұнын толық беріп тұр. Мұнда барыс 
септіктегі  „Əміржанға”  сөзі  тек  Əсияны  көндіру  əрекетін  жүзеге  асы-
рушы субъектіні нақтылай түсу үшін ғана сөйлемге еніп тұрғаны айқын. 
Алайда, осы сөздің сөйлемнің рема бөлігінде болып, өзіне екпін түсіру
арқылы тыңдаушы назарын аудартуы, оның сөйлем мазмұны үшін маңыз-
дылығын  арттыра  түседі,  сөйтіп  оны  баяндауыш  мүшеге  тəуелді  етеді. 
Сөйтіп, жанама толықтауыш «əмбебап» мүшеге айналады. Ал осы сөздің 
орнын ауыстырып, сөйлемнің тема бөлігіне шығарсақ, жанама толықта-
уыш сөйлемнің айқын детерминанттық мүшесіне айналады. Əміржанға 
/ Əсияны көндіру қиын болған жоқ. 
Жалпы,  басқа  септіктердегі  (жатыс,  шығыс,  көмектес)  жанама  то-
лықтауыштар да осындай ерекшеліктерімен байқалады. Олардың сөйлем 
құрылымы  мен  мазмұнын  жайылмаландырудағы  қызметін  көрсететін 


132
133
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
сөйлемдер тілімізде жеткілікті. Мысалы: Əміршіде үн жоқ. Даусында да 
діріл жоқ (Б.Нұржекеев). ...Ондай өмір тəртібін Абай ілімдерінен таба 
аламыз (Д.Омаров). Ауылдың ыстық екенін Андрейден естіген (О.Бөке-
ев). Салалы саусақтарымен стол үстінде марш ойнатып кеткенін Жə-
кенов өзі де байқамай қалды (Ə.Трази).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет