кірісемін дегенше, күн қызып-ақ кеткен, оңтүстік батыстан аптап
лықси соғып тұр (М.Қаназов).
3. Аналар (Сілтеу есімдігі екендігін ескертеміз – Ж.Ж.) келді де Бек- болға тап берді. Орнынан тұрғанша, ес жиғызбастан кеп міне түсіп қара сұр банды сары пышақты жарқ еткізді (М.Əуезов).
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың баяндауышының есім-
шеге септеулік шылау тіркесуі арқылы жасалу жолы контекст ықпалымен
жартылай предикативтенген күрделенген сөйлем жағдайында да кездесіп
отырады. Мысалы (субъект-предикаттық қатынас көрсеткіштерінің асты
сызылды):
1. Бекболаттың қуанғаны сонша, Ақбілекті орыс алып кеткенін де, масқара болғанын да ұмытып кетті. Ақбілек дəл бір боранда адасып кетіп не жауында орманда қалып, жоғалып табылғандай көрінді. Қу-