анған сайын, Ақбілек таза, Ақбілек періштесіндей көрінді (Ж.Аймауы-
тов).
2. Жолаушылар түс ауа Боздақтың кең жазығына ілінген соң-ақ, əр тұста жайылып жатқан ақтылы қой, алалы жылқы, суат байлап қонған шоғыр-шоғыр ауылдар ұшыраса бастады. Əр ауылдың тұсынан өткен сайын, үлкен-кішілі түгел сыртқа шығып, бұл өңірде бұрын- ды-соңды болмаған қоңыраулы күймеге таңырқай қарап, біразға дейін көздерімен ұзатып салады (Қ.Жұмаділов).
Контекстік мезгіл бағыныңқылы бөлігі бар күрделенген сөйлемнің
тəуелді оралымдарының сирек кездесетін түрі – қимыл есімнен жасала-
тын түрі (Ескерте кету артықтық етпейді: кейінгі зерттеулердің нəтиже-
сінде қазір бұл пішін көсемшеге телінеді). Бір мысал: Омарды ауылға жеткізген Садық еді. Аттан түсірісімен, қарындасы боздап қоя берді (С.Түгелбаев).
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмаластың баяндауыштық тұлғала-
рының (-ған тұлғалы есімше – шығыс септік, -ған, -соң, -а, -е, -й, -ып, -іп тұлғалы көсемше) қай-қайсысы болсын контекстік жағдайда кездесіп
отырады. Яғни, субъектісі контекстегі басқа сөйлемде болады да, күрде-
ленген сөйлемнің жартылай предикативтенген тəуелді бөлігіне айнала-
ды. Мысалдар (Субъект-предикат көрсеткіштердің астын сызып көрсе-
теміз):
1. Оспан – осы маңдағы үш-төрт болысқа келген сайлаушы. Өзі шала оқыған мұғалім болса да, Қасымның айтуынша, «өнерімен жетілген» деп саналады. Ұлықты ұқсата білген, сый-сыяпатты тəуір көретін жі-