Синтаксистік парадигмалар


-ғанда есімшелі форма арқылы жасалған сабақтас құрмалас сөй-



Pdf көрінісі
бет176/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

-ғанда есімшелі форма арқылы жасалған сабақтас құрмалас сөй-
лемдер
1)  -ғанда  есімшелі  форма  басыңқы  сөйлеммен  мезгілдік  қатынасқа 
түсетін бағыныңқы сөйлемді құру үшін қызмет етеді. Бұл қызмет кеңінен 
тараған, ол жазба тілде де, ауызекі тілде де көрінеді. Дегенмен, ауызекі 
тілге -ғанда есімшесінің өзіндік бір қолдануы тəн. Қарсылықты сабақтас 
құрмалас  сөйлемді  қарастырайық:  Ыбыш  Махамбетшенің  оң  қолы 
болғанда, бұл – сол қолы (Ғ.Мұстафин). Өзім ит болғанда, нəсілім адам 
ғой, ішіме сыймай барады (Ғ.Мұстафин).
Бұл бағыныңқы құрмалас сөйлемдерде мезгілдік қатынас (бір уақыт, 
белгілі бір уақыт кескіндерінің сəйкес келуі) жоғалмайды, бірақ сонымен 
қабат заттар сапасының, оқиға болуының өзгешеліктері анықталады. Қа-
рама-қарсы  сөйлемнің  лексикалық  құрамынан,  қарама-қарсы  мағынада 
сөздердің қолданылуынан көрінбей қалады.
2)  Ауызекі  тілге  тəн  -ғанда  есімшелі  формасын  қолдану  басқа  бір 
шартты бағыныңқы құрмалас сөйлемнің болуымен ескеріледі: Кемпірім 
ашулы,  оны  жібергенімде,  сендерді  түгел  түтіп  жейтін  еді  (Қ.Мұха-
меджанов).
-ғанда  есімше  формасы  арқылы  жасалған  құрмалас  сөйлемдердегі 
шарттық  қатынас  компоненттердегі  баяндауыш  формаларының  қатыс-
тылығынан  пайда  болады.  Басыңқы  сөйлем  баяндауышы  келер  шақ 
етістігінен  тұрады,  нəтижесінде  қимыл,  құбылыс  бағыныңқы  сөйлемге 
біткен қимылдың жүзеге асуына шартты тəуелді болып қалады.
3) Ауызекі тілде -ғанда құрылымды жобасы экспрессивті ой білдіру 
үшін  қызмет  етеді.  Мысалы:  Осы  күні  жөнделмегенде,  қашан  жөнде-
лемін (Б.Майлин). Қызды əке билемегенде, кім билеуші еді (М.Əуезов). 
Мені сіз жақтамағанда, кім жақтайды (Қ.Мұхамеджанов). Ер ағаңның
қасына, қарағым! Сен болмағанда, Төлеужан ағам бола ма болыс! (М.Əуе-
зов). Əкесіне жыламағанда, қайда жылаймын дейді екен (С.Мұқанов).
Экспрессивтік -ғанда баяндауышы соңғы компоненттегі істі, құбылы-
сты  алдыңғы  компоненттегі  ойға  қарама-қарсы  қою  жолымен  жүзеге 
асырады. Нəтижесінде құрмалас сөйлем риторикалық дəлелдеу сипатына 
ие болады.
Риторикалық дəлелдеудің бұндай тəсіліне, əдетте, тыңдаушыны сен-
діру үшін немесе оны бір істі жасауға шақырғанда жүгінеміз.
4) Экспрессивтілік мəн беру мақсатында -ғанда арқылы байланысқан 
сөйлемдерде  негізгі  мағыналық  жүкті  көтеріп  тұрған  етістік  қайталана 
жұмсалуы мүмкін. Мысалы: 
– Уақытты өткізу қиын екен мына жерде, - дедім мен.
– Уақыт өткенде осы жерде өтсін (Ж.Еділбаев). Састырғанда сен 
састырдың ғой бізді (Ж.Еділбаев). Алғанда осы алсын (ауызша жазбадан).
Жоғарыда  келтірілген  мысалдардан  көргендей,  қайталану  -ғандаға 
аяқталатын бағыныңқы құрмалас сөйлемнің үлгісімен құралған жəне қи-
мылдың экспрессивті нақтылануы үшін қызмет етеді. Бұл тəсіл, əсіресе, 
полемикалық сөйлеуде қолданылады. Ол сөйлеудің полемикалық форма-
сын ұйымдастыру үшін қызмет етеді.


198
199
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Бұл қайталаудың басқалардан айырмашылығы бейнелеуіш сөзбен бір 
синтаксистік бірлікке бірікпейді. Ол сөйлемнің жеке мүшесі ретінде емес, 
құрастырушы элементі ретінде өзінің сөйлемдегі дербестігін сақтайды.
5) Экспрессивті сөйлем-реплика -ғанда есімшесі мен атама, сұрама, 
қой аффект сөздер арқылы құралады:
– Тамаша екен.
– Тамаша болғанда, сұрама деймін (Қ.Мұхамеджанов).
– Дүйім жұрттың алдында абырой болғанда, атама (Қ.Мұхамеджа-
нов). 
6) -ғанда формалы құрмалас сөйлемге құрылымы жағынан қайталауы 
бар құрылым жақын. Бұл қайталау да -ғанда бағыныңқы сөйлем сияқты 
құрылады. Бұл форма да алдыңғы сөйлемнің баяндауышын немесе реп-
ликаны қайталайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет