1) Құрылымдық ұстаным. Құрмалас сөйлемді компоненттердің
баяндауыш тұлғасына қарай салалас, сабақтас, аралас деп бөлу дəстүрі
құрылымдық ұстанымға негізделеді. Шындығына келгенде бұл – мор-
фологиялық ұстаным. Құрмалас сөйлемдерді топтастыру тікелей компо-
ненттер баяндауышының морфологиялық құрылысына негізделеді. Ал
құрылымдық ұстанымның нағыз үлгісі құрмалас сөйлемдерді компонент
санына қарай жіктеу боп саналады.
2) Семантика-грамматикалық ұстаным. Өткен ғасырда доминант
сипатқа ие болған бұл ұстанымның шынайы атауы – семантика-морфо-
логиялық ұстаным. Алдымен морфологиялық ұстаным бойынша сала-
лас, сабақтас құрмаластарға жіктеледі де, одан əрі салаластар жеке, са-
бақтастар жеке мағыналық қатынас ыңғайында ыңғайлас, қарсылықты,
себеп-салдар, талғаулы, кезектес, шартты т.т. болып өз ішінде жіктеледі.
Бұл ұстаным – қазақ тіл білімінің қалыптасуының алғашқы кезеңінен
бастап күні бүгінге дейін қолданылып жүрген ұстаным.