194
195
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
осынша шиеленістіріп (С.Иванов).
Бұл қай басынғандық, бассыз үйдің
иті есірік деп (Б.Майлин).
Компоненттерді байланыстыруда көсемшенің
-а, -е, -й, -ып, -іп, -п,
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі формалары қатысады. Аталған формалардың
қайсысы сабақтастың қандай мағыналық түрін жасауға қатысатындығы
туралы зерттеулер мен тілдік мəнбірлер көрсеткеніндей, аталған форма-
лардың ішінде -ып, -іп, -п формасының жұмсалу жиілігінің жоғары екен-
дігін атап өтуіміз керек.
Сонымен, көсемше формасы бағыныңқы компонентті басыңқымен
байланыстыруда ең жиі жұмсалатын форма болуымен ерекшеленеді.
Аталған ерекшелік сабақтаса байланысатын құрмаластардың мағыналық
түрлерінің 90 пайызы көсемше формаларының қатысуымен жасалатын-
дығымен түсіндіріледі.
Функционалды грамматикаға қатысты зерттеулерде формалардың
функциясы, жұмсалымы мəселесін синтагмалық (тізбектік) жəне пара-
дигмалық (тармақтық) қатынаста қарау өзекті мəселеге айналып отыр.
Тіл білімінде оның төмендегідей түрлері көрсетіледі:
а) фонетикалық парадигма;
ə) лексикалық парадигма;
б) сөзжасамдық парадигма;
в) морфологиялық парадигма;
г) синтаксистік парадигма.
Синтаксистік парадигма морфологиялық парадигма негізінде пайда
болады. Парадигмалық қатынас деңгейаралық жəне деңгейішілік сипатта
болуы да мүмкін. Аталған қатынастар тілдік қолданыста, мəтін ыңға-
йында əрдайым бірдей бола бермейді. Осы тұрғыдан келгенде, жоғарыда
аталған көсемше формаларының бағыныңқы баяндауышын түзуі пара-
дигмалық сипатта болса, формалардың белгілі бір мағыналық қатынасты
түзуі синтагмалық сипаты болып саналады.
Сабақтас құрмалас түзетін көсемше формаларының деңгейішілік па-
радигмасы:
1)
-а, -е, -й;
2)
-ып, -іп, -п;
3)
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі.
Ал сабақтас құрмалас түзетін формалардың деңгейаралық парадигма-
сы төмендегідей:
1)
-а, -е, -й;
2)
-ып, -іп, -п;
3)
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі;
4)
-ған, -ген, -қан, -кен;
5)
-ысымен, -ісімен;
6)
-майынша, -мейінше;
7)
соң, дейін, шейін;
8)
кезде, шақта;
9)
қандай-сондай, қанша-сонша жəне т.б.
Аталған формалар түзетін синтагмалық қатынастар:
1)
мезгіл бағыныңқылы;
2)
себеп бағыныңқылы;
3)
амал (қимыл-сын) бағыныңқылы;
4)
қарсылықты бағыныңқылы;
5)
мақсат жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: