196
197
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
арқылы да əртүрлi мағыналық қатынастағы сабақтас құрмалас сөйлем-
дер жасалады.
Есiмшенiң қалған формасының бағыныңқы баяндауышы қызметiнде
жұмсалуы тiлде өте сирек кездеседi.
Қазақ тілінде сабақтас құрмаластардың құрылымдық ұйымдасуы-
на жəне синтаксистік қатынастың түзілуіне есімшенің барлық түрі қа-
тысқанымен, бұл қызметті көбінесе əртүрлі көмекші сөздермен бірге
келетін немесе қажетті жалғаулар қосылған бағыныңқы сөйлемнің баян-
дауышын құрайтын
-ған, -ген, -қан, -кен есімше формасы атқарады. Бұл
көмекші элементтерсіз есімшеден құралған баяндауыш пен грамматика-
лық бастауыш арасындағы қатынас атрибутталған байланыстың шегінен
шықпайды.
Түркітануда септік жалғаулы есімшелердің
функционалды дəрежесі
туралы əртүрлі көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар бағыныңқы сөйлем
баяндауышы қызметін барлық септіктегі есімше атқара алады десе, ал
басқа біреулерінің ойынша, мұндай рөлді есімшелердің кейбір септік
формасы ғана атқара алады дейді, ал үшінші бір топ сабақтастарға есім-
шелі жəне көсемшелі оралымды сөйлемдерді жатқызбайды.
Есімшелер барыс, жатыс, шығыс, көмектес сияқты көлемдік
септіктер тұлғасында келіп қана бағыныңқының баяндауышы қыз-
метін атқара алады. Өйткені осы тұлғадағы есімшелер ғана етістік
сөз табының қасиетін, шақтық қызметін, предикативтілігін, басқа мү-
шелерді меңгеру қабілетін сақтайды. Ал грамматикалық септіктерде
ондай қасиет жоқ.
Біз К.К.Сартбаев пен М.Б.Балақаевтың баяндауыш қызметін тек
кеңістіктік қатынасты білдіретін септіктегі есімшелермен байланысты-
ратын тұжырымына қосыламыз. Бұл септік формаларындағы есімше-ба-
яндауыштар басқа сөздермен қатынасқа түсіп, қимыл динамикасын жет-
кізеді, оның үстіне мұндай септік көрсеткішіндегі есімше өте жиі қолда-
нылады.
Мысалы:
Ол келгенде, мен үйде жоқ едім. Жақсы жауап бергендік-
тен, мұғалім оған бес деген баға қойды. Қыстың басы тақау болғанмен,
қар əлі түсе қойған жоқ (М.Əуезов).
Бағыныңқы сөйлемдегі баяндауыш ретінде есім сөзге есімше тұлға-
лы
екен көмекшісінің немесе
-ысымен, -ісімен жұрнақтары арқылы
жалғанған есімше де қолданылады.
Мысалы:
Машина дауысы естілісімен, үйдегілер сыртқа атып
шықты.
Достарыңызбен бөлісу: