Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет182/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Функционалды ұстаным. Кез келген синтаксистік бірлік синтак-
систік  қызмет  нəтижесінде  түзілетін  синтаксистік  қатынасқа  негізде-
леді.  Синтаксемалардың  синтаксистік  қатынасы  негізінде  түзілетін  сөз 
тіркесінің  компоненттерінің  арасындағы  синтаксистік  қатынас  түрлері 
анықталған:  атрибутивтік,  нысандық  (объектілік),  адвербиалдық  қаты-
нас. Ал сөйлемде – субъект-предикаттық қатынас.
Синтаксистік бірліктің түзілуінің негізгі шарты – синтакситік қаты-
настың болуы. Жай сөйлем деңгейіндегі сөйлем мүшелері синтаксистік 
қатынас  негізінде  айқындалатыны  шындық.  Бастауыш,  баяндауыш, 
анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш – сөйлемдегі компоненттердің 
бір-бірімен  синтаксистік  қатынасы  негізінде  қалыптасқан  сөйлем  мү-
шелері.  Ал  мұндай  кез  келген  синтаксистік  бірлікті  құрайтын  сыңар-
лардың  арасында  болатын  қатынас  құрмалас  сөйлем  компоненттері 
арасында жоқ па? Біздіңше, бар жəне оның бар екендігінің дəлелдемесі 
– кезінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаевтар жазған құрма-
лас сөйлемдер жіктемесі. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының аяғын-
да «сөйлем мүшелерінің атауымен бірдей» деген желеумен шығарылып 
қалған бұл жіктелім тіл бірліктерінің қызметіне негізделген. Сондықтан 
аталған ұстаным бойынша құрмалас сөйлемдерді екіге бөліп қарасты-
рамыз:
1. Теңдік қатынастағы құрмаластар.
2. Айқындауыштық қатынастағы құрмаластар.
а) Атрибутивтік қатынастағы құрмаластар
ə) Нысандық қатынастағы құрмаластар
б) Адвербиалдық қатынастағы құрмаластар.
в) Субъект-предикаттық қатынастағы құрмаластар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет