Синтаксистік парадигмалар


 Құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлері



Pdf көрінісі
бет184/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

3.5.2 Құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлері
Құрмалас сөйлемдерді құрылымдық ұстаным негізінде топтастыруға 
қатысты: екі құрамды, көп құрамды // жай құрмалас, күрделі құрмалас 
сөйлем деп бөлу дəстүрі бар. 
Қазіргі таңдағы тіл біліміндегі соны бағыттардың бірі – тілді жүйе-
ленген,  күрделі  құбылыс  ретінде  қарастыру.  Мəселеге  осылай  келудің
дұрыстығын кезінде К.Аханов айтқан еді: «... тілді жүйелік қасиеті бар 
құбылыс, барлық элементтері бір-бірімен байланысты, өзара бағынышты 
(тəуелді) біртұтас (бір бүтін) құбылыс деп қарау тілдің табиғатын, бүтін 
мен  оны  құрастырушы  бөлшектердің  арақатынасын,  атап  айтқанда,
бүтіннің  оны  құрастырушы  бөлшектерге  (тілдік  элементтерге)  тəуел-
ділігін,  керісінше,  бөлшектердің  бүтінге  (тілдің  бүтіндей  жүйесіне)  тə-
уелділігін айқындауға мүмкіндік береді. Тілдің жүйесін тілдік жеке құ-
былыстардың  (тілдік  элементтердің,  бірліктердің)  өзара  байланысы 
тұрғысынан, бүтіннің өз ішіндегі жеке құбылыстарды бағындыруы, би-
леуі тұрғысынан зерттеу айрықша мəнге ие болады» [54, 68 б.].
Мəселеге  осы  тұрғыдан  келу  диалектика  заңдарымен  де  үндеседі. 
Бүтін мен бөлшектің арасындағы қатынас қағидасы тілтанушылар наза-


206
207
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
рынан да тыс қалған емес. Кезінде А.Байтұрсынұлы «Тіл – құрал» оқу-
лығында осы қатынасты төмендегідей жүйемен берген болатын:
Сөйлеу мен сөйлем
Сөйлем мен сөз
Сөз бен буындар
Буын мен дыбыс [1, 176-178 бб.].
«Бүтін мен оның бөлшегі» түрінде берілген бұл тақырыптар негізін-
де тіл бірліктерінің байланысы ғана көрсетілмеген, бүтінді құрауға негіз 
болған  бөлшек  немесе  компонент  дегеніміз  не  деген  сұрақтың  жауабы 
да тұр.
Біз  өз  кезегімізде  «компонент»  деген  ұғымның  мəнін  ашуға  тыры-
сайық. Тіл білімінде осымен мəндес «бөлшек», «сыңар», «бірлік» деген 
ұғымдар да бар. Бірақ оның бір де бірі компонент ұғымының мағынасын 
дəл бере алмайды.
 Бөлшек – бүтіннің бөлігі, өзіне тəн нақтыланған қызметі, белгілері 
жоқ болғандықтан, тіл білімінде терминдік дəрежеге көтерілмеген. Ком-
понент өз ішінде бірнеше бөлшектен де құралуы мүмкін.
 Сыңар – екінің бірі. Ал компонент саны тек екеу емес, бірнеше болуы 
да мүмкін.
Бірлік ұғымының аясы кең. Ол, бір жағынан, бір бүтіннің бөлшегі бола 
отырып, екінші жағынан, бірнеше компоненттен құралуы да мүмкін.
Мəні жағынан компонент ұғымына ең жақыны – «құрам» лексемасы. 
Қазіргі бір негізді, екі негізді жай сөйлем түрлері бір кездері «бір құрам-
ды», «екі  құрамды»  деп  аталғанын  жақсы  білеміз.  Бірақ  «бір  құрам», 
«екі құрам» атауларының жай сөйлемнің бұл түрлерінің табиғатын аша 
алмайтынын  дəлелдеген  ғалымдардың  пікірінен  соң,  сөйлем  атауы  өз-
гертіліп, «бір негізді», «екі негізді» сөйлем түрінде ғылыми айналымға 
енгені  белгілі.  Сол  сияқты  құрмалас  сөйлем  құрамындағы  компонент 
ұғымын да «құрам» сөзі дəл бере алмайды. «Құрам» сөзінің «Түсіндірме 
сөздіктегі»  мəні - бiр  бүтiн  нəрсенiң  барлық  бөлшектерi,  жиынтығы. 
Дəлірек айтсақ, құрам сөзінің мəні бөлшектерден құралған бүтін дегенге 
саяды, сондықтан тіліміздегі құрмалас сөйлемдерді екі құрамды құрма-
ластар, көп құрамды құрмаластар деген атауын қалдырған жөн сияқты 
көрінгенімен,  оның  құрамындағы  сыңарларын  құрам  деп  атауға  тағы 
келмейді, өйткені «құрам» сөзінің семантикасында жиынтық мəні (бөл-
шектердің жиынтығы) басым. Оның үстіне «құрмалас сөйлемнің бірінші 
құрамы», «құрмалас  сөйлемнің  екінші  құрамы», «құрмалас  сөйлемнің 
үшінші құрамы» т.т. атауларға тілдік дағды қалыптаспаған. Ал «компо-
нент» сөзінің «Түсіндірме сөздіктегі» мəні - бiр нəрсенiң құрамды бөлше-
гi. Бұдан байқағанымыздай, құрам лексемасына жиынтық, ал компонент
лексемасына бөлшек мəні тəн. Сондықтан құрмалас сөйлемдерді құрау-
ға  негіз  болатын  сөйлемдерді  компонент  (мысалы:  бірінші  компонент, 
екінші компонент т.т.), ал құрмалас сөйлемдерді, жоғарыда айтылғандай, 
құрамындағы  компонент  санына  қарай  екі  құрамды  құрмаластар,  көп 
құрамды құрмаластар деп бөлінеді.
Синтаксистік  бірліктердің  қай-қайсысы  да  оның  құрамындағы  эле-
менттерге немесе оның құрылуы мен қалыптасуына негіз болатын ком-
поненттерге тəуелді.
Алдымен, компонент дегеніміз не деген сұрақтың жауабын іздеуіміз 
керек. Сөйлемнің құрамындағы кез келген сөз оның компоненті болып 
санала ма? Əдетте компонент күрделі бірлікті құрастырушы сыңар, эле-
мент  ретінде  ұғынылады.  Бірақ  күрделі  тілдік  бірлік  құрамындағы  кез 
келген сөз оның компоненті болып саналмайды. 
Əртүрлі тілдік бірлікте оны құраушы компонентті ажыратудың өзін-
дік ұстанымы бар. Мысалы:
- сөз тіркесі деп аталатын синтаксистік бірліктің компоненті - тек қана 
толық  мағыналы  сөздер,  ал  лексикалық  мағынасы  жоқ  не  солғындаған 
сөздер жеке тұрып сөз тіркесінің компоненті бола алмайды;
-  сөйлемнің  (жай)  компоненті – сөйлем  мүшелері,  мұнда  да  сөйлем 
ішіндегі кез келген сөз сөйлем мүшесі ретінде танылмайды, сөйлем мү-
шесі  болу  үшін  белгілі  бір  сұрауға  жауап  беретін  толық  мағыналы  сөз 
болумен  бірге  сөйлемдегі  өзге  сөздермен  грамматикалық  байланысқа 
түсуі  қажет.  Осы  секілді  құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  де  өзіндік 
ерекшеліктері айқындалуы тиіс.
 Сөз тіркесі мен жай сөйлем құрамындағы кез келген сөздің оны ком-
поненті  болу  дəрежесіне  көтеріле  алмайтыны  секілді  қазіргі  тілдік  та-
нымда  құрмалас  сөйлем  компоненті  деп  аталып  жүрген  сыңарлардың 
(немесе  жай  сөйлемдердің)  бəрі  бірдей  компонент  бола  алмайды [55, 
248  б.].  Біз  бұған  жай  сөйлемнің  компоненті  ретінде  сөйлемнің  оқшау 
бөліктерін  де  қосамыз.  Өйткені  оқшау  сөздер  грамматикалық  жағынан 
сөйлемнің  өзге  мүшелерімен  байланысқа  түспегенімен,  семантикалық 
байланыста болады.
Расында да сөйлем құрамындағы кез келген сөзді компонент деп тану 
күмəн туғызады. Мысалы: Менің ойымша, біз өзің айтқан жерге келіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет