сөйлем емес, əрқайсысы субъект-предикаттық қатынасқа негіздел- ген, өзара мағыналық-интонациялық тұтастықта қолданылатын жай сөйлемдер. Осы тұста профессор Ж.Жақыповтың «Біз субъект-предикаттық қа-
тынасты сол оқшау алынған сөйлемнен, сөйлемнің аясынан ғана емес,
контекст, шумақ, мəтін сияқты супрасинтаксистік көлемнен де, жағда-
яттан да іздейміз», - деген пікірін қуаттай отырып[58, 11 б.], жасырын
субъектілі немесе субъектісі конситуация арқылы айқындалатын, бірақ
дербес алғанда бір негізді болып саналатын сөйлемдерді де құрмалас
сөйлемнің компоненті деп санаймыз. Ал ортақ субъектілі күрделенген
сөйлем құрмаластың бір компоненті болумен ғана шектеледі, мұндай
құрылымды құрмалас деп тану үшін өзара субъект-предикаттық қатынас-
қа негізделген кемінде тағы бір компонент қажет болады.
Сонымен, құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлерін мына кестеден
көруге болады: