Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет185/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

қалған сияқтымыз деген сөйлем құрамында тоғыз сөз бар. Бірақ оның 
барлығы сөйлем мүшесі емес. Сөйлемде бес сөз тіркесімі (біреуі – сөй-
лем, қалғандары – сөз тіркесі) бар:
Менің ойымша
біз келіп қалған сияқтымыз
өзің айтқан
айтқан жер
...жерге келіп қалған сияқтымыз
Ал  сөйлем  мүшесі  төртеу,  бірақ  жоғарыдағы  тіркесімдермен  сəйкес 
келмейді:


208
209
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
біз – бастауыш
келіп қалған сияқтымыз – баяндауыш
өзің айтқан – анықтауыш
жерге – пысықтауыш.
Бұл  жоғарыда  айтылған  əр  синтаксистік  бірліктің  өзіне  тəн  компо-
ненті  болады  деген  тұжырымды  нақтылай  түседі.  Ендігі  айқындайтын 
мəселе мынау:
(1) Егер сөйлемде қанша сөз болса, оның барлығы компонент болады 
деген  қағидаға  сүйенсек,  жоғарыдағы  сөйлемде  тоғыз  түрлі  компонент 
болар еді. 
(2)  Егер  сөйлем  компоненті  сөз  тіркестері  деген  тұжырымды  бас-
шылыққа алсақ, біз келтірген сөйлемде бес компонент болады. 
(3)  Ал  егер  сөйлем  мүшелері – сөйлемнің  негізгі  компоненті  деген 
қағидаға сүйенсек, сөйлемде төрт компонент бар. 
Алғашқы қағиданың жаңсақ екендігі бəрімізге түсінікті. Өйткені то-
лық лексикалық мағынасы жоқ сөздің компонент бола алмайтыны анық. 
Екінші  қағида  шындыққа  жақынырақ,  бірақ  бұл  да  дəл  емес.  Сөйлем 
құрамындағы сөздердің тіркесу өнімділігі əртүрлі. Бір сөздер бағындыру 
қабілетінің  күштілігі  арқасында  өзіне  бірнеше  сөзді  бағындыруы  мүм-
кін немесе керісінше кейбір сөздер бір ғана сөзді бағындырады. Біздің 
мысалымыздағы келіп қалған сияқтымыз бірлігі екі бірдей сөзді бағын-
дырып  тұр.  Ал  айтқан  сөзі  бірде  сөзді  өзіне  бағындырса,  екіншісінде
өзі келесі сөзге бағынып тұр. Бұл, сөз жоқ, компонент ұғымын айқындау-
да  ұғымды  күрделендіріп  жібереді.  Үшінші  қағида  бойынша  сөйлемде 
төрт компонент бар. Бірақ оқшау сөз сөйлем мүшесі қызметін атқара ал-
майтындықтан, сөйлем компоненті емес деген пікір де біржақты. Келесі 
қағида  ақиқат  деп  айтуға  негіз  бар.  Өйткені  сөйлемді  оның  мүшелену 
деңгейі арқылы ажыратамыз. Сонда синтаксистік бірлік компоненті де-
геніміз құрылым бойындағы кез келген сөз не оның тіркесі емес, аталған 
құрылымды құрауға негіз болатын басты бөлшектер. 
Сөйлемнің грамматикалық компонентіне тəн белгілер:
лексикалық мағынаны, соның нəтижесінде грамматикалық мəнді біл-
діруі;
грамматикалық байланысқа түсіретін формасының (нөлдік болуы да 
мүмкін) болуы;
синтаксистік қатынасқа түсу қабілеті.
Бұл  аталғандар  дəстүрлі  грамматика  тұрғысынан  талданды  жəне 
мұны  сөйлемнің  грамматикалық  компоненттері  деп  қана  түсінуіміз  ке-
рек. Ал сөйлем тек грамматиканың ғана нысаны емес, оның семантикаға 
да, коммуникацияға да қатысы бар. Сондықтан семантика мен граммати-
ка бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар десек те, олардың санаттары 
мен ұғымдарын бір-бірінен ажырата қолдануымыз қажет.
Дəстүрлі  грамматика  ұстанымдарына  сүйенсек,  сөйлем  мүшелері – 
сөйлемнің грамматикалық компоненттері. Олар: бастауыш, баяндауыш, 
анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыш.  Құрылымдық  грамматиканың 
зерттеу  нысанына  сəйкес,  сөйлем  мүшелері  біраз  зерттелді,  олардың 
түрлері  айқындалып,  тұрақталды.  Десе  де  қолданыс  үстінде  граммати-
калық форма өзінің негізгі грамматикалық мəнінде емес, сөйлеу жағда-
ятымен байланысты екінші бір мағынаны білдіруі мүмкін екендігін ға-
лым  З.Ерназарова  төмендегідей  мысал  арқылы  дəйектейді: «Мысалы, 
автобус ішінде: «Жол ақысын төлейміз. Дайындаламыз!» деген сөйлем-
дердегі көсемше формалары ауыспалы келер шақты емес, бұйыру мəнін 
сыпайы жеткізуге қызмет етіп тұр. Жақ санатының І жақта (біз) көпше 
түрде берілуі жəне оның автобус ішінде айтылуы тыңдаушыларды əре-
кетке  итереді.  Ауыспалы  келер  шақтың  бұйыру  мəнін  жеткізуі  сөйлеу 
жағдаятымен  байланысты  ақпараттарға  тəуелді  болып  тұр» [56, 52 б.]. 
Бұдан  байқағанымыздай,  сөйлемнің  грамматикалық  компоненттерінің 
де  өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Əсіресе  жұмсалым  барысында  санат-
тық жағдаят пен жағдаяттық ақпарат сөйлемнің грамматикалық компо-
ненттерінің көрінісіне ықпал етеді. Мысалы: Базар іші. Ерсілі-қарсылы 
жүрген адамдар. Шағын арбасын жетектеген жігіт айғайлап келеді: 
– Көже! Салқын көже!
Жігіт – сатушы.  Ол  салқын  көжені  алуды  ұсынып  тұр.  Сөйлемде 
«алыңыз!»  деген  етістіктен  жасалған  баяндауыш  компонент  жоқ.  Ба-
зардағылардың  жағдаяттық  ақпараттан  хабардар  болуына  байланысты 
аталған компонент қатыспаса да, ой түсінікті. 
Ал  құрмалас  сөйлемге  қатысты  оның  компоненттерін  ғалымдар  əр-
түрлі  талдап  түсіндіреді.  Ғалымдардың  бір  тобы  оны  құрмалас  сөйлем 
құрамындағы  жай  сөйлем  (Н.Сауранбаев,  Г.А.Абдурахманов,  А.Нажи-
мов т.б.) десе, екіншілері предикативтік бірліктерді біріктіретін құрылым 
(Г.Ф.Калашникова, Г.Садирова), үшіншілері форманттың, күрделі бөлік-
тің  құрылыс  материалы  (Г.П.Уханов,  М.В.Симулик,  О.Төлегенов)  деп 
түсіндіреді. Біздің ойымызша, талас тудырмайтын айқын мəселе құрма-
ластағы компоненттердің күрделі бөліктің құрылыс материалы екендігі, 
ал оның құрылыс материалы, сөз жоқ, жай сөйлемдер. Жай сөйлемнен 
кіші тілдік құрылымның ешқайсысы да құрмалас сөйлемге дербес ком-
понент  бола  алмайды.  Бірақ  құрмаласқа  енген  əрбір  жай  сөйлемдерді 
өзара мағыналық қатынастары бар сөйлемдер деп ұғыну керек. Өйткені 
күрделі  ойды  білдіру  үшін  тіркесетін  сөйлемдер  өзара  мағыналық  бір-
лікте болғанда ғана тіркесе алады. Мұның өзі басты фактор болуға тиіс. 
Əдеттегі  жай  сөйлемдерге  қарағанда  негізгі  бір  айырмашылығы – осы 
[57, 233 б.]. Расында да құрмалас сыңарларын жеке сөйлемдер ретінде 
емес,  оны  синтаксистік  бір  бүтін  етіп  тұратын  тілдік  тəсілдер  тұрғы-
сынан қарастырған жөн. Бұдан компоненттерді саралай қарауға болмай-


210
211
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
ды деген пікір тумаса керек. Өйткені сөйлемнің логикалық жүйесі, син-
таксистік мағынасы, коммуникативтік мақсаты – бəрі-бəрі оны құрайтын 
элементтерге тікелей қатысты. Бұл жөнінде М.Балақаев: «Құрмалас сөй-
лем мағыналық жəне тұлғалық жақтарынан алғанда жалпы алғанда тұтас 
бір бүтін болғанымен, ол жеке сөйлемдерден құралады. Алайда сол жеке 
сөйлемдер  құрмаластың  қарамағында  мағыналық  жəне  интонациялық 
тиянақсыз  қалыпқа  түседі.  Əдеттегі  жай  сөйлемдерге  қарағанда  негізгі 
бір айырмашылығы – осы [12, 219 б.].
Құрмалас сөйлемге қатысты түпкілікті маңызы бар мəселенің бірі – 
компонент жəне жай сөйлем ұғымдарының арақатынасы. Құрмалас сөй-
лемнің құрылымдық бірлігі ретінде жай сөйлемдерді танығанымызбен, 
кез келген жай сөйлем компонент дəрежесіне көтеріле ала ма? Егер осы 
мəселе айқындалса, ортақ субъектілі құрылымдар мəселесі де шешілер 
еді. 
Ал құрмаластардың компоненті өзара субъект-предикаттық қатынас-
қа  негізделген  жай  сөйлемдер  (предикативті  бірліктер)  болуы  тиіс.  Ал 
мұндай қатынасқа жетпеген немесе ортақ субъектілі жай сөйлемдердің 
байланысы  құрмалас  сөйлем  деп  аталатын  күрделі  тілдік  бірлікті  өзді-
гінен құрай алмайды. Құрмалас сөйлем компоненті  кез келген жай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет