204
205
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
ұстанымның синтезіне сүйенеді. Дəстүрлі грамматикада қолданылған
семантика-грамматикалық ұстаным бойынша салалас, сабақтас құрма-
ластардың мағыналық түрлерін біріктіріп, бір
функционалды грамма-
тиканың «мағынадан формаға» қағидасына сəйкес, құрмалас сөйлем-
дердің салалас, сабақтас түрлері белгілі бір семантикалық өріс аясында
қарастырылады.
Əрине, семантикалық өріс синтаксистік деңгейлердің
(сөз тіркесі, сөйлем, мəтін) барлығын қамти алады. Бірақ біз өзіміз ны-
сан етіп алған нысанымызға қарай құрмалас сөйлем компоненттері ара-
сындағы семантикалық қатынастар аясында шоғырландыруды жөн деп
таптық. Синтаксис ғылымындағы жаңа көзқарастар мен соны бағыттар
жалпы құрмаластарды баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне
қарай емес, қос компоненттің арасында түзілетін мағыналық қатынасты
негізге алып топтастыруды теріске шығармайды. Құрмаластарды сала-
лас, сабақтас деп жіктеудің олқылығын бір кездері В.А.Богородицкийдің
айтқан төмендегі пікірі нақтылай түседі: “Обычное деление всех предло-
жений на сложносочиненные и сложноподчиненные страдает некоторой
искусственностью, особенно когда стараются живое разнообразие языка
уложить эти две произвольно, наперед указанные и слишком категоричес-
ки ограниченные рубрики” [52, 229 б.].
Қазақ тіл біліміндегі грамматикалық санаттарды
функционалды грам-
матика аясында жүйелеуде қарымды еңбегі бар, белгілі тіл маманы Б.Қа-
палбековтің: «Болашақта қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жү-
йесі басқа қырынан, мағынадан оны жасаушы тұлғаларға қарай жүретін
тəсілмен қарастырылатын болса, онда қарсы мəндегі сабақтас, салалас
сөйлемдер бір деңгейге топтастырылатын болады», – деген тұжырымына
[53, 720 б.] сəйкес, құрмаластың салаласа, сабақтаса байланысқан түр-
лері бір деңгейде қарастырылады.
Сөйлемнің семантикалық компоненттері жай сөйлемге де, құрма-
лас сөйлемге де ортақ. Құрмалас сөйлемдерде ішкі семантикалық қа-
тынастармен бірге компонентаралық семантикалық қатынас та болады.
Сөйлем іштей бірнеше мағыналық топқа жіктелетін негізгі семантика-
лық компоненттерден (субъект, предикат, нысан, атрибут, конкретизатор
(нақтылауыш) ) тұрады. Ал компоненттер арасында түзілетін семанти-
калық қатынасты екіге бөліп қараймыз: функционалдық жəне семанти-
ка-грамматикалық қатынастар. Аталған қатынастардың екеуінің түзілуі-
не де семантиканың ықпалы бар. Бірақ екеуіне əсер етуші қосымша фак-
торлардың ықпалын ажыратып көрсету үшін диффениция ретінде осы
ұстанымдар негізге алынды. Функционалдық ұстаным, бір жағынан,
компоненттер арасындағы семантикалық қатынасқа негізделсе, екінші-
ден, осы компоненттердің бір-бірімен функционалдық қатынасына сүйе-
неді. Ал семантика-грамматикалық қатынастардың түзілуіне, сөз жоқ,
семантика доминанттық роль атқарады, бірақ ол қатынасты тудырушы
тілдік көрсеткіштер де басты назарда болады. Сондықтан компоненттер
арасындағы функционалдық қатынастардың нəтижесінде пайда болған
құрмаластарды: теңдік қатынастағы құрмаластар, айқындауыштық қаты-
настағы құрмаластар (субъект-предикаттық қатынастағы құрмаластар,
атрибутивтік қатынастағы құрмаластар, нысандық қатынастағы құрма-
ластар, адвербиалдық қатынастағы құрмаластар) деп жіктейміз де, се-
мантика-грамматикалық қатынастардың нəтижесінде пайда болған құр-
маластарды дəстүрлі грамматикада көрсетіліп жүргендегідей топтарға
бөліп қарастырдық. Əрине бұл топтастырудың да өзіндік ерекшеліктері
жоқ емес.
Алдымен, салалас, сабақтас деп бөліп қарастырылатын құрмаластар
мағына ортақтығына қарай топтастырылды.
Екіншіден, тек қана салаласа (ыңғайлас, түсіндірмелі, талғаулы, кезек-
тес) не сабақтаса (мақсат) байланысады деп көрсетілетін құрмаластарға
байланыстың екі түрінің де ортақ болатындығын тілдік мəнбірлер нақты-
лап отыр.
Үшіншіден, компоненттер арасындағы семантика-грамматикалық қа-
тынасты айқындауда грамматикалық тұлғаның шешуші роль атқармай-
тындығы, оған қосымша коммуникативтік талап, контекст пен конситу-
ацияның атқаратын ролі де айқындалып отыр. Сол сияқты құрмаластың
бір мағыналық тобы мен екіншісінің арасындағы функционалдық арақа-
тынасы мəселесі де зерттей түсуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: