Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет180/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   374
3) Функционалды ұстаным. Қазақ тіл білімінің құрмалас сөйлемі та-
рихында  А.Байтұрсынов,  Қ.Жұбанов,  Н.Сауранбаев  классификацияла-
рында қолданылған, бірақ өткен ғасырдың 50 жылдарының аяғында «сөй-
лем мүшелерінің атауымен бірдей» деген желеумен қолданыстан шық-
қан,  бірақ  функционалды  грамматиканың  бой  көтеруімен  байланыс-
ты соңғы жылдары академик М.Серғалиев, профессорлар Р.Əмір, Т.Ер-
мековалардың еңбектерінде қайта қолданысқа еніп келеді. Бұл топтасты-
руға негіз болатын – компоненттер арасындағы функционалды қатынас.
Аталған бұл үш ұстанымнан басқа да құрмалас сөйлемдерді жіктеудің 
түрлері бар. Салалас құрмалас сөйлемдер байланысу формасына қарай 
жалғаулықты,  жалғаулықсыз  (іргелес)  болып  бөлінеді  де,  сабақтастар-
ды  байланысу  формасына  қарай  септеулікті,  септеуліксіз  сабақтастар 
деп жіктеуге болады. Салаластарды топтастыруда қолданылған жалғау-
лықты,  жалғаулықсыз  байланыс  тəсілінің  сабақтастардағы  аналогиясы 
неліктен  ескерусіз  қалғандығы  түсініксіз.  Сондықтан  құрмаластарды 
байланысу тəсіліне қарай синтетикалық, аналитика-синтетикалық жəне 
аналитикалық құрмаластар деп жіктеу де артық болмас еді.
Құрмалас  сөйлемдерді  баяндауышының  қай  сөз  табынан  жасалуы-
на  қарай  есімді  құрмалас  сөйлемдер,  етістікті  құрмалас  сөйлемдер  деп 
бөлеміз.  Аталған  топтастырудың  қай-қайсысы  болмасын,  қазақ  тіл 
білімінде бірі жеткілікті, бірі аз мөлшерде болса да талданып жүр. 
Құрмалас  сөйлемді  топтастыруда  төмендегідей  ұстанымдар  бас-
шылыққа алынуы тиіс деп санаймыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет