302
303
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
байланыста: 3-сөйлемдегі «
əкесінің» деген сөз формасы 2-сөйлемдегі
«
Рысқұлов» бастауышына тиесілі, 3-сөйлемде «
Рысқұлов» ілік септігін-
де жасырын тұр; 3-сөйлем 1-сөйлеммен алшақ түрде «
терезе» сөзінің
қайталануы арқылы байланысып тұр. Бұл шумақтағы 2-сөйлемнің байла-
ныс бағыты кейінді (Рысқұлов нені байқаған жоқ деген сұрауға жауапты
1-сөйлемнен табасыз), сол сияқты 3-нші, 4-нші сөйлемдердің мағынасы-
ның ашылуы алдыңғы 2-сөйлемге тəуелді. Ілгерінді байланысқа мына
мысал көрсеткіш бола алады:
Бұл оқиға былай болған еді. Қай жақтан екенін кім білсін, қыс ортасы
ауған соң, колхоз қоймасына шана-шана тұқымдық бидай келіп түcipiлe
бастады. /.../. Əкем екеуіміз бip қап алтын берсең де таптырмайтын бip
пұт бидайды алып қуана-қуана үйге келдік (С.Шаймерденов).
Бұл мысалдардан шығар қорытынды сол, шумақ сыңарларының бай-
ланысы кешенді болып келеді: іргелес, алшақ; ілгерінді, кейінді; бір ғана
құралмен, бірнеше құралмен байланысады. Мəселен, осының алдында
келтірген шумақтағы байланысу жолдарын былай сұлбалауға болады
5
:
1-ші («
қарлығаш») - 2-ші (көмескі түрдегі нысан «
қарлығаш») - 4-ші
(«
қарлығаш»).
2-ші
(Рысқұлов) - 3-ші («
əкесінің») - 3-ші (көмескі субъект «
Рысқұлов»)
- 4-ші (көмескі субъект «
Рысқұлов»).
1-ші («
терезесінің») - 3-ші («
терезе жаққа»).
1-ші («
терезесінің кемерінде») - 4-ші («
форточкада»).
Шумақ құрамындағы дербес сөйлемдердің байланысу түрлеріне кө-
шейік.
Достарыңызбен бөлісу: