292
293
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
О.Күлкенованың себеп пысықтауыштың жасалу жолдарының бірі ретін-
де «сондықтан» сөзін көрсетуі бекер емес [29, 148 б.].
Салалас құрмалас сөйлемде жалғаулық іргелес тұрған сөйлемдерге
қатысты болады, ал шумақта жалғаулық дербес сөйлемдердің тобына қа-
тысты да қолданылады. Мысалы, мына шумақта:
№2.
Шалдиннің орнына келген застава бастығы Иван Головтың
iстepiнe құлағы қанық. Асырып айтуға əуес қазақтың аузында ол ту-
ралы алып-қашты əңгіме көп. Дақпырттың да сұсы бола ма, осы бей-
таныстың eсiмiн ecтice, абыржитыны рас. Соңынан түскен Голов
отрядымен бетпе-бет келіп шайқаса кетуден тайсақтап тайқып шыға
беретіні сондықтан (Мұқаев). Жалғаулықтың орны мен қызметі өзгеше.
Құрмалас сөйлем мен шумақты ажырататын тағы бір жайт – шумақта
ой тиянақты болады, ал құрмалас сөйлем қаншалықты күрделілігіне қа-
рамастан синсемантикалы болып келуі, мағына-мазмұнының ашылуы
контекстегі басқа сөйлемге я сөйлемдерге тəуелді болуы жиі кездеседі.
Мысалы, мына бір көпқұрамды əрі көлемді салалас құрмаластар осын-
дай сипатта:
Оның дөңгелек көзі кірпігін қақпастан қадала қалатын əдеті бар еді,
бұл жолы ол тесіле қараған жоқ, Əбдірахманның тұла бойын, жүзін
шарлап қарады. Белан бұлардың солдат екенін бірден білді жəне өзін
көріп қалды деп ұқты, өйткені солдаттардан өзге жеті түнде атқа
мініп жүретін жанның реті жоқ, көрші деревнядан келе қоярлық адам-
ның түрі шамалы (Х.Есенжанов). Мұндағы 1-сөйлем тиянақталу үшін
«
ол» дегеннің кім екенін, 2-сөйлемдегі «бұларды» əлі де анықтау керек,
əрине, ол үшін контекст керек. Ал шумақ құрамында тиянақсыз сөйлем
тиянақталу қажет болады.
Екеуінің айырмашылығын көрсететін тағы бір жайт – бұлар мəтін
құрамында иерархиялық қатарда тұрады, шумақ үлкен, ал сөйлем төмен-
гі сатыда болады. Басқаша айтқанда, жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де
шумақты құрастыратын тең хақылы сыңарлар болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: