Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет238/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   374
сөйтіп, демек т.с.с.) келуі ойдың тиянақталып, жаңа ойдың басталғанын 
тұспалдап тұрады.
Абзац пен шумақтың сəйкес келуі, бұл - тыныс белгісін дəл қолдану 
(сөйлемдегі бас əріп пен нүкте сияқты) деп есептеген жөн. Мəселе, қазақ 
мəтіндерінде абзац пен шумақтың сəйкес келмейтін жайттары көп кезде-
седі. Сондықтан шумақты мəтіннен ажыратып алу, абзац пен шумақтың 
арақатысын  білу  үшін  бұл  екеуінің  сəйкеспейтін  айғақтарын  талдаған 
жөн.
№5. Ұлықтар да сірескендей қыбыр етпей, ел пiшініне қадалып тұр-
ды. Шошыған, сасқан жүздерді көрген сайын, албастысын арттырып, 
пысымен баспақ болғандай болып тұр. 
Бар ұлық-төре келген қалпында өздерін үрпитіп, түктерін сырты-
на тeyiп, шipeнe дем алып сызданады. Қарсы тұрған екі топ бip-бipiнe 
кipпiк қақпай қадалып, арбасқандай аңдысып, бipiн-бipi бағып тұр.
Осы хал мен тым-тырыстың ішінде екі минуттай уақыт өтті. Бо-
лыстардың  көбі  соңғы  кездегі  сайлауларда  іске  ширақ,  тiл  бiлeтіндеу 
жастардан сайланып еді.


298
299
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Kөбi жиырма бес, отыз бес арасындағы жас-сымақ адамдар бола-
тын. Көбінің ел ортасында соншалық зор салмақ беделі, абырой, атақ 
айдыны  да  жоқ.  Үлкен icтi  елдің  жасы  үлкен  қариясы,  атақты,  сал-
мақты үлкендері, қарталы жуандары арқылы болмаса, өз беттерімен 
бұзып, жарып істеп кете алмайтын. Болыс ішіне келген үлкен міндет-
тің барлығын солардың нұсқауымен істеуші еді. Көбінің болыс болып, 
дəреже алуына да солар себеп болған.
Ұлық жарлық жариялағанда: «Пəленше екем не дер еді, қалай қа-
райды ... онсыз  мен  не  айтамын»  деген  сияқты  ойлар  көбінің  бойын 
басқандай болды. Тым-тырыс созылуға айналған соң, осы ойды көбірек 
ойланған  бірен-сарандар  жан-жағына  жалтақтап,  басқалар  не  дер 
екен  дегендей  болып,  көзбенен  əркімді  алдына  салғысы  келді  (М.Əуе-
зов).
Бұл үзінді бес абзацтан тұрады. Екінші жəне үшінші абзацтардың эм-
фаза мақсатында қойылғаны айқын байқалады. Осы абзацтардағы сөй-
лемдердің  құрылымдық-мағыналық  жағынан  ұйысуын  байқап  көрейік: 
екінші  абзац  алдыңғы  бірінші  абзацпен  «Осы  хал»  есімдігі  бар  тіркесі 
арқылы  байланысып,  бұл  абзацтағы  сөйлем  бірінші  абзац  мазмұнын 
бойына жинақтап тұр; ал осы абзацтағы «көбі» сөз формасының қайта-
лануы  үшінші  абзацпен  кейінгі  абзацты  байланыстырып  тұр.  Бұл  кон-
тексте  үшінші  абзацтағы  сөйлемдерді  алдыңғы  абзацпен  біріктіре  ал-
маймыз, сол сияқты екінші абзацтың кейінгі абзацтан тақырыптық жөні 
бөлек  екені  байқалып  тұр.  Ал  бесінші  абзацқа  келсек,  оның  мазмұны 
алдыңғы абзацтардағы мазмұнды түйіндеп тұрғанын, бірінші жəне екін-
ші абзацтардағы «тым-тырыс хал» мен үшінші жəне төртінші абзацтар-
дағы «болыстар» тақырыбын мəтіннің осы кезеңінде қорытып тұрғанын 
байқауға болады. Бұл бесінші абзацтың екінші сөйлемінің басқы бөлігі 
«Тым-тырыс созылуға... бірінші, екінші абзацтармен алшақ түрде бай-
ланысып тұр, бірақ біз бұл сөйлемді бастапқы екі абзацпен еркін түрде 
байланыстыра алмаймыз, өйткені бұл сөйлем алынып отырған үзіндіге 
тұтастай  байланысты.  Шумақ  сыртындағы  байланысты  Г.Я.Солганик 
көрсеткен  «фрагмент»  аясында  қарастырған  жөн.  Сөйтіп  компонент-
терінің мағыналық-құрылымдық байланыстарына қарай бұл үзіндіні екі 
шумаққа бөлеміз: бірінші жəне екінші абзацтар – бір шумақ, екінші жəне 
үшінші абзацтар бір шумақ құрады.
Сипаты басқашалау тағы бір мысал:
№ 6. Қысқа тоны қаудырап, суыққа тоңып жаурап, жақ жүні үр-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет