294
295
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
сөйлемдердегі параллельділік соңғы сөйлемде бұзылады да бірлік тұ-
йықталады. Сонымен шумақ аяқталады. Мұндайда шумақ пен мəтіннің
шекаралары үйлесе теңеседі.
Мəтін көбінесе екі я одан да көп шумақтан тұрады.
2
Мысалы:
Естілген нəрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: əуелі –
көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нəрсені естігенде я
көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек,
үшінші - сол нəрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге
бекіту керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек.
3
// Ой кеселдері:
уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бip қайғыға салыну, я бip
нəрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нəрсе - күллі ақыл мен
ғылымды тоздыратұғын нəрселер (Абай, 31-сөз).
Бұл мəтінде екі тақырыпша бар: біріншісі – естігенді ұмытпау шарт-
тары, екіншісі – ой кеселдері туралы. Осылайша мəтін екі шумақпен
берілген. Алайда бұл екі шумақ «ой» сөзінің түйісте қайталануы арқылы
байланысып тұр. Мұны шумақтағы сөйлемдердің емес, мəтіндегі шу-
мақтардың байланысы деп қараған жөн. Мəтін мен шумақтың арасын-
дағы ұқсастық пен айырмашылық та осындайдан байқалады.
Шумақтың шекаралары тұтас мəтіндегі тақырыпшалардың (микро-
тақырыптардың) ауысуы арқылы, яғни мазмұн жосығы бойынша бел-
гіленеді, ал мəтін тақырыбы тақырыпшалар иерархиясынан тұрады.
Шумақ тақырыптары өзара байланысып, бірлесіп мəтіннің мəністік
тұтастығын түзеді, сөйтіп бұл екі синтаксистік бірліктің арасында
«субординациялық қатынас» (Ф.Энгельс «Табиғат диалектикасы»)
орнайды. Сонымен қатар, мəтін құрылымдық-семантикалық жағынан
аяқталған болып саналса, шумақта тиянақтылық қана болады. Мəтін-
де болмыстың алуан түрлі жақтары туралы сөз болуы əбден ықти-
мал, ал шумақта сол болмыстың жекелеген бір жағы, бір сипаты ғана
қамтыла алады. Шумақ бір тақырыпты, мəтін көп тақырыпты болып
келеді (Бұл жерде мəтіндегі тақырып тұтастығын теріске шығарып
отырған жоқпыз, ол тұтастық шумақ тақырыптарының байланысынан
түзілетінін айтып отырмыз. – Ж.Ж.). Сондықтан болар, үндіеуропа
тіл білімінде шумақты «микротекст», мəтінді «макротекст» деп атау-
шылық бар.
О.И.Москальскаяның пікірінше, шумақ, бəрінен бұрын, синтаксистік
ұғым, осының себебінен ол грамматикалық заңдылықтарға бағынады.
Мəтін грамматикалық белгілері бола тұра грамматика шегінен шығып
2 Г.Я. Солганик екі я одан да көп шумақтың тұтас мəтінге дейінгі бірлігін «фрагмент»
(үзінді) деп атайды /Солганик Г.Я.Синтаксическая стилистика. – Москва: Высшая
школа, 1973. - Б.187-198/
3 «//» белгісі – шумақтар арасындағы шекара.
кетеді, сондықтан мəтінді талдауға тіл білімінен басқа ғылымдардың са-
лалары да қатысады [18, 14-15 бб.].
Мəтін – сөйлеу үдерісіндегі соңғы, аяқталған саты, ал шумақ мəтінге
барар аяқталмаған саты. Міне, осы себептен де шумақтың шекараларын
межелеу қиынға түседі. Сондықтан шумақты межелеу үшін, талдау үшін
тұтас мəтіннің мазмұны мен құрылымын есепке алып отыру қажет бола-
ды. Сондай-ақ мəтінді талдау шумақты ескермей толық бола алмайды.
Осылайша шумақты межелеу мен мəтінді талдаудың бір үлгісін орыс тіл-
танушысы Л.М.Лосева көрсетті [32, 61-67 бб.].
Сөйтіп, шумақ пен мəтін сөйлеуде ой ұласымын бейнелеуге арналған
өзара байланысты, əр деңгейдегі бірліктер болып саналады.
Кез келген тілдік бірлікті талдап тану үшін оны контекстен айқындап
бөліп алу керек болады. Сол сияқты шумақты сипаттау үшін де оны тұтас
мəтіннен шекаралап бөліп алу қажет. Осыған орай, шумақ пен абзацты
салыстыруға тура келеді, себебі шумақты абзацпен теңестіре қарау си-
яқты пішіншіл ыңғайлар кездеседі, соған қоса мəтінтүзімде «жаңа ойды
азатты жолдан бастау қажет» дейтін қағида да бар.
Достарыңызбен бөлісу: