Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет242/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   374
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Бұл екі сөйлем «тура толықтауыш – меншікті анықтауыш» үлгісіндегі 
мағыналық қатынаста. Ой жалғастығы (контекст) осы арқылы қамтама-
сыз етіліп тұр.
Мысалдарды  көптеп  келтіре  беруге  болады.  Алайда  бір  түйгеніміз 
сол,  көршілес  сөйлемдердің  кез  келген  мүшесі  бір-біріне  сүйеніп  қай-
таланады да, осы арқылы контекстік ая пайда болады. Бұл аясыз, сөйлеу 
– мақсатына жете алмайды.
Дербес сөйлемдердің байланысы сөйлемнің дара мүшелері ғана емес, 
күрделі мүшелері, сөйлемде əртүрлі мүшелік қызмет атқарып тұрған сөз 
тіркестерінің қайталануы жолымен де жүзеге асады. Мысалы:
Ақмола уезінің барлық қазақ елін оңтүстікке жəне солтүстікке бөліп, 
екі жағынан екі санақ комиссиясы шықты. Оңтүстікке шыққан санақ 
комиссиясының бастығы Томск университетінің сол жылы ғана бітір-
ген Асылбек Сейітұлы болды (С.Сейфуллин).
Көріп  тұрғанымыздай,  бұл  екі  сөйлемді  байланыстырып,  ойды  қоз-
ғалысқа  келтіріп  тұрған  жайт – «санақ  комиссиясы»  деген  сөз  тіркесі-
нің  қайталануы.  Келесі  мысал  осы  айтқандарымызды  айқын  дəлелдей 
түседі  (контекстік  байланысты  орнатушы  еркін  сөз  тіркестерінің  асты
сызылды).
Алматыдан саяхатқа шыққан пионерлер тобын Кенен аулына қарай 
шығарып салдым да, əлгі бір ойға оралдым. Ол – «Кенен, Мəтібұлақ» де-
ген сөздер еді. Өйткені Кенен деген сөзді сонау бір кішкене күннен естіп 
өскен құлақ Мəтібұлақ деген сөзге де сондай үйреніп кеткен (С.Бақбер-
генов).
Сөз тіркестерінің қайталануы жолымен дербес сөйлемдердің байла-
нысуы контекстік түйіннің үлкейіп, контекстік аяның кеңуін көрсетеді. 
Ал кейде алдыңғы бір сөйлемдегі контекстік ая тарылып, контекстік тү-
йін жіңішкеру арқылы синтаксистік байланыс жасалады. Мысалы, келесі 
келтірілетін үзіндіде негізгі сөз «қалып қояды» да, көмекші сөз коммуни-
кативтік қызметке кіріседі.
Болыстардың  көбі  соңғы  сайлауларда  іске  ширақ,  тіл  білетіндеу 
жастардан сайланып еді.
Көбі жиырма бес, отыз бес арасындағы жас-сымақ адамдар бола-
тын. Көбінің ел ортасында соншалық зор салмақ беделі, абырой-атақ, 
айдыны  да  жоқ.  Үлкен  істі  елдің  жасы  үлкен  қариясы,  атақты,  сал-
мақты үлкендері, қарталы жуандары арқылы болмаса, өз беттерімен 
бұзып,  жарып  істеп  кете  алмайтын...  Көбінің  болыс  болып,  дəреже 
алуына да солар себеп болған (М.Əуезов).
Дербес  сөйлемдердің  байланысуында  контекстік  ая  жасайтын,  кон-
текстік  түйін  түзін  түзетін  бір  тарам – синонимдер  мен  есімдіктер. 
Есімдіктер  сөйлемнің  контекске  тəуелділігін  көрсететін  өнімді  құрал 
болғандықтан, айрықша тоқталуға тура келеді.
Есімдік – морфология саласында ғана оқытылып, зерттеліп жүрген 
сөз  табы.  Оның  синтаксистік  қызметі  жайында  қалыптасқан  тоқтам 
мынадай: «Синтаксистік  жағынан  есімдіктер,  əр  түрінің  ерекшелік-
теріне қарай, демек, қай сөз табының орнына жүретініне қарай баста-
уыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, баяндауыш та болып қызмет 
атқара  береді.  Дегенмен,  мағыналық  ерекшеліктеріне  қарай,  əрбір 
есімдік  белгілі  бір  синтаксистік  қызметтерге  бейім  болып  отырады.
Мысалы, субстантивтік есімдіктер, негізінде, анықтауыш болып қыз-
мет  атқаруға  бейім  тұрады  да  сөйлемнің  өзге  мүшелерінің  қызметін 
тек субстантивтенген жағдайда ғана атқара алады» [49, 210 б.]. Байқап 
отырғанымыздай,  есімдіктің  синтаксистік  қызметін  оның  сөйлемнің 
қандай  мүшесінің  қызметін  атқаратынын  анықтаумен  ғана  шектеледі 
екенбіз.  Бұл – жаңалық  емес,  өйткені  есімдіктер  есімдердің  орнына 
жүретін сөздер болғандықтан, сөйлемнің қандай да болмасын мүшесі 
бола береді. 
Құрмалас  сөйлемді  зерттеушілер  сөйлемдердің  құрмаласуындағы 
есімдіктердің  қызметіне  айрықша  мəн  бере  қоймайды.  Бірақ  тиісті 
есімдіктердің  құрмалас  сөйлемдегі  қызметін  жол-жөнекей  көрсетіп  ке-
туге мəжбүр болады. Есімдіктердің сөйлемдерді құрмаластырудағы қыз-
меті мол. Солардың кейбіріне тоқталып кетейік. Ең алдымен айтарымыз 
– есімдіктер салалас құрмалас сөйлем сыңарларын байланыстырады. Ал 
татар синтаксисшісі М.З.Закиев пен қазақ синтаксисшісі Н.Х.Демесіно-
ваның түркі тілдерінде жалғаулықты сабақтас құрмалас сөйлем болған-
дығы, сабақтастырушы есімдік болатындығы туралы дəлелдері [50, 23-
31-бб., 23-31 бб.; 51, 160-168 бб.] орыс тілін зерттеушілердің əсері деп 
санаймыз.  Өйткені  түркі  тілдерінде  құрмаластың  салалас  не  сабақтас 
болуы сыңарлардың баяндауыштарының пішініне байланысты екені əл-
деқашан даусыз дəлелденген.
Жай сөйлемдерді құрмаластыруда сілтеу есімдіктерінің қызметі айы-
рықша.  Бұл  есімдіктер  жай  сөйлемдерді  бір-бірімен  байланыстыра
отырып,  сол  сөйлемдердің,  яғни,  құрмалас  сөйлем  сыңарларының  ара-
сында түсіндірмелі мағыналық қатынас жасайды. Басқаша айтқанда, сол, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет