Синтаксистік парадигмалар


Дербес  сөйлемдердің  тізбектеле  байланысуы



Pdf көрінісі
бет241/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Дербес  сөйлемдердің  тізбектеле  байланысуы.  Адам  сөйлеуде 
қоғамдағы,  табиғаттағы  белгілі  бір  зат  немесе  құбылыс  туралы  əсерін, 
күрделі  ойын  жеткізу  үшін  сол  затқа  я  құбылысқа  сүйенеді.  Сөйлеуде 
заттың я құбылыстың əртүрлі сипаттарын беру үшін, ойын жалғастыру 
үшін сол заттың я құбылыстың тілдік таңбасын тірек етеді, сол ұғымды 
сөйлеудің  əр  кезеңінде  қайталап  отыруға  тура  келеді.  Міне,  осылайша 
сөйлеудің, ойлаудың қозғалысы жүзеге асады.
Тіл білімінде сөйлеудің қозғалыс-барысы сөйлемді синтаксистік мү-
шелеу емес, актуалды (коммуникативтік) мүшелеу жолымен айқындала-
ды. Оның үстіне, актуалды мүшелеу сөйлемдердің байланысы, контекст 
арқылы ғана жүзеге асады. 
Г.Я.Солганик  дербес  сөйлемдердің  мəтіндегі  синтаксистік  байланы-
сы  олардың  мүшелерінің  «бастауыш-толықтауыш», «бастауыш-баста-
уыш», «бастауыш-анықтауыш», «бастауыш-пысықтауыш», «анықта-
уыш-бастауыш», «анықтауыш-анықтауыш», «анықтауыш-толықтауыш», 
5 Бұл жерде бір мезгілде байланысып тұрған сөйлемдердің реттік саны, ал жақшада 
байланыстырушы əр алуан құралдар көрсетілген.
«анықтауыш-пысықтауыш», «толықтауыш-бастауыш», «толықтауыш-
анықтауыш», «толықтауыш-толықтауыш», «толықтауыш-пысықтауыш», 
«пысықтауыш-бастауыш», «пысықтауыш-анықтауыш», «пысықта-
уыш-толықтауыш», «пысықтауыш-пысықтауыш», «баяндауыш-баста-
уыш», «баяндауыш-анықтауыш», «баяндауыш-толықтауыш», «баянда-
уыш-пысықтауыш», «баяндауыш-баяндауыш»  т.с.с.  схемалық  үлгілер-
де ұдайы арақатынаста болу арқылы жүзеге асатынын дұрыс көрсетеді
[34, 92-93 бб.].  Сөйлеудегі  бұл  құбылыс  мəтін  құрамындағы  немесе 
шумақ  (абзац)  құрамындағы  дербес  сөйлемдердің  ішкі  бір  арақатына-
сы  болатынын,  Ахмет  Байтұрсыновша  айтсақ, «мағыналық  іліктестік» 
болатынын  көрсетеді.  Бұл  байланыстың  контекст  ықпалымен  болатын 
тəсілдері бар. Ондай тəсілдерге мəтіндегі ой жалғастығын үзбей тұрған 
əр  сөйлемдегі  белгілі  бір  сөзді  келесі  бір  сөйлемде  сондай  лексикалық 
тұлғада, мағынада қайталау не оны синонимдермен, есімдіктермен ауыс-
тыру жатады.
Əдетте,  бір  сөзді  қайталай  беру  сөйлеуді  рабайсыздандырып  жібе-
ретіндей көрінеді. Ал ол қайталауда белгілі бір коммуникативтік мақсат 
болса, қажетті құбылыс болып табылады. Тілді орамды етеді. Мəтінде-
гі  көршілес  сөйлемдердің  құрамындағы  бір  сөз  формасының  қайтала-
нуы сол тұста контекстік ая жасайды. Бұндайда қайталанған сөз сол бір 
тұлғада  немесе  грамматикалық  өзгерістермен  келуі  мүмкін.  Мысалдар 
келтірейік:
Қонақ  үйде,  дөңгелек  үстел  үстінде,  қызғылт,  күңгірт  сəулесі  бар 
тас шам жанып тұр. Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен əлсіз 
шам кейде ұйтқып, кейде шалқи түсіп, кейде дапылдап, жалпылдай жа-
нады (М.Əуезов).
Бұл екі сөйлемді түйістіріп тұрған – «шам» сөзінің қайталануы. Егер 
бірінші сөйлемде бұл сөз болмаса ол сөйлем контекстік қызмет атқармас 
еді.  Екі  сөйлемді  «бастауыш-бастауыш»  арақатынастығы  байланысты-
рып тұр.
Үлкендер қорыққан Есембай да, тіпті ұрылар да Абайға сондайлық 
жат,  суық  болып  көріне  алмады.  Ұры  десе,  осы  елдің  өздеріндей  қа-
зақтары (М.Əуезов).
Бұл мысалдың алдыңғы мысалдан өзгешелігі қайталанып тұрған мү-
шелер бірдей қызмет атқарып тұрғанмен, морфологиялық тұрғыдан екі 
тұлға да – бірі жекеше тұлға, бірі көпше тұлғада тұр.
Контекстің  бас  жағындағы  бір  сөйлем  ойды  жалғастыру  үшін  жəне 
келесі сөйлемдегі орамдылық үшін өзіндегі бір сөз формасының келесі 
сөйлемде септік жалғауында болуын талап етеді. Мысалы:
Игіліктің түйе жүн шекпеніне оралған өлікті екі-үш жігіт көтеріп 
үйге  қарай  алып  кетті.  Өлік  Игіліктің  шекпенін  жамылып,  Игіліктің 
пəуескесінен түскені де үлкен аңыз ғой (Ғ.Мүсірепов).


304
305


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет