Жуан кім, көп кім, бақ масы есер кім? Ешбірін де ол білмейтін (М.Əуе-
зов).
Адам ойы белгісіздіктен белгіліге ұмтылатыны – даусыз құбылыс.
Бұл құбылыс тілдік қарым-қатынас үстінде де бой көрсетеді. Осы тұрғы-
дан алғанда, белгісіздік есімдіктер қатысқан сөйлем де тиянақсыз болып
келеді. Мəселен, «Омардың есіне бірдеңе түсіп кетті» десек, Омардың
есіне нақты не түскенін білу керек болады, оны контекстен іздейміз, та-
бамыз, онсыз коммуникативтік мақсатқа жетпейміз. Оның үстіне, кейбір
белгісіздік есімдіктері тəуелдік формада жұмсалып, алдыңғы я кейінгі
сөйлемдегі бір ұғымдармен байланыста болады да, сол сөйлемсіз бұл
сөйлем тиянақталмайды. Мысалы:
Қартқожаның ойына əлденелер келді. Қазақтың қан жылап жатқа- ны мынау. Құзғындардың, «жақсылардың», «адамдардың» түрі анау. Мыңдаған, миллиондаған азамат ажалға кетіп бара жатады. Жүзде- ген жауыздар масайрап тамақтан басқа қамы жоқ, елді еміп жата- ды. Олардың жауыз баласы үшін біз жанымызды құрбан қыламыз. Не өтесісі, не жақсылығы үшін? Əділет, теңдік, адамшылық қайда? Олар бос сөз бе? Оларды кім шығарды? Осының бəрін істеп отырған адам ба? Құдай ма? Егер құдай болса... деген ойға тіреледі де, Қартқожа күпір болдым ба деп тəубе келтіреді (Ж.Аймауытов).
Бұл үзіндінің 1-сөйлеміндегі «əлденелерді» білу үшін соңғы сөйлем-
дерді оқу керек болады, демек бұл сөйлемдер өзара байланысты болып
тұр.
Сонымен, талдаулар көрсеткендей, есімдіктердің синтаксистік қыз-
меті сөйлем (жай жəне құрмалас) шеңберімен шектелмейді екен, оның
синтаксистік əрекеті шумақ, тіпті, мəтін көлемін қамтиды екен. Олардың
мұндай əрекетіне орынбасарлық қызметі тірек болады.
Синонимдерді тіл білімінде, əдетте, лексикология саласында қа-
растырады да, оның контекстегі қызметіне назар аударыла қоймайды.
Сондықтан синонимдердің аяқталған дербес сөйлемдерді байланыс-
тырудағы, синтаксистік бірліктердің коммуникативтік-функционалдық
қызметіндегі алатын орнын көрсетіп беру – синтаксисті зерттеушінің бір
міндеті.
Қазақ тіл білімінде синонимдік құбылыстарға қатысты екі моногра-
фиялық еңбек белгілі. Бірі – Ə.Болғанбаевтікі, екіншісі – М.Серғалиевтікі.
Ə.Болғанбаевтың еңбегі лексикалық синонимдерге арналса, М.Серғали-
евтің еңбегінде синтаксистік синонимдер қарастырылады. Бұл ғалымдар
синонимдердің синтаксистік қызметін талдауды арнайы мақсат етпесе
де, олардың еңбектерінде орамды тілдің синтаксистік компоненттері ара-
сындағы байланыстарды зерттеуде ескеретін жайттар бар.
Мəселен, Ə.Болғанбаевтың синонимдер алдыңғы сөйлемдегі бір сөз-
ді келесі бір сөйлемде басы артық қайталамау үшін қолданылатыны
туралы, синонимдік құбылыстардағы парафраза мен эвфемизмдердің
орны туралы пікірлеріне жан бітіруге болады [52, 72-76 бб.; 88-89 бб.;
228 б.].
М.Серғалиев монографиясының «Синтаксистік синонимдердің
оларға ұқсас тілдік құбылыстармен арақатынасына» арналған тарауын-
да синонимдерді жүйелі жəне контекстік деп екіге бөледі. Автордың
пікірінше, «жүйелік синонимдер де, контекстік синонимдер де – син-
таксистік синонимдердің түрлері. Айырмашылығы бірінің белгілі бір
сөйлемнің құрамынан тыс алып қарағанда, біршама синонимдік қаси-
етін сақтай алатындығында да, екіншісінің, оған керісінше, белгілі бір
сөйлем ыңғайынан тыс жерде синоним бола алмайтындығында» [53, 34
б.]. М.С.Серғалиевтің мына бір жазғанына синонимдердің синтаксистік
байланысқа, яғни коммуникативтік қызметке кіретіндігінің нышанын
байқауға болады. (Дəйектеменің автордың келтірген мысалымен бірге
келтіруге тура келеді):