Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет244/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Труба түбіндегі жапырық тас үй – мехцех. Бұл – əншейін келешегіне 
қарай қойылған ат, əйтпесе нобайы түзу бір механизм жоқ. Темір дөң-
гелектер, шестерняның сынығы, тот жеген кішкентай вагонеткалар, 
винттер, бірен-саран локомобильдер тағы осылар сияқты ескі-құсқы-
лардан өзге іліп алар ештеңе табылмайды. Ағылшын заманынан қалған 
мұралардың сиқы осы (Ғ.Мұстафин).
Бұл  шумақтың 1-сөйлемі  мен 2-сөйлемін  байланыстырып  тұрған 
1-сөйлемдегі  мехцех  сөзінің 2-сөйлемде  бұл  есімдігімен  қайталануы. 
Ал соңғы сөйлемдегі осы есімдігі алдыңғы сөйлемдердегі бейнеленген 
көріністің орын басары болып тұр.
«Мынау,  мынадай,  былай»  сияқты  есімдіктер  өздерінен  кейінгі 
мазмұнға, құбылысқа сілтейді, бұл сөйлем кейінгі сөйлемдерсіз/сөйлем-
сіз тиянақтала алмайды. Мысалы:
Бұл  оқиға  былай  болған  еді.  Қай  жақтан  екенін  кім  білсін,  қыс  ор-
тасы  ауған  соң,  колхоз  қоймасына  бидай  келіп  түсіріле  бастады. ...... 
(Бірнеше сөйлем алынып тасталды. – Ж.А.) Əкем екеуміз бір қап алтын 
берсең де, таптырмайтын бір пұт бидайды алып қуана-қуана үйге кел-
дік (С.Шаймерденов).
Сілтеу есімдіктерінің аяқталған сөйлемдерді мазмұны жағынан бай-
ланыстырудағы тағы бір өзгешелігі бір сөзге де, бірнеше сөйлем арқылы 
берілетін  тұтас  бір  оқиғаға  да  қатысты  бола  алатындығында.  Мəселен, 
Ғ.Мұстафин шығармасынан келтірген үзіндідегі бұл есімдігі бір ғана зат 
атауын ауыстырып тұрса, осы есімдігі бірліктегі тұтас көріністі қорытып 
тұр; ал С.Шаймерденов шығармасының үзіндісіндегі былай эпифоралық 
есімдігі соңынан болатынын оқиғаға түгелдей сілтеп тұр.
Жалпылауыш  есімдіктің  синтаксистік  байланыстағы  қызметін  сөй-
лемнің  бірыңғай  мүшелерін  жинақтап  тұруымен  ғана  шектеп  жүрміз. 
Орамды сөйлеуді бақыласақ, олардың тұтас коммуникативтік бірліктерді 
де байланыстыратынын көреміз. Мысалы:


308
309
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Мен оң қапталда тұрғанмын, қолымды бесатарыма салам дегенше 
есім ауып құлап бара жатқанымды білем...
Бір уақытта көзімді ашсам, басым жарылса керек, бетіме, мойны-
ма қан құйылыпты. Əйтеуір, тілеуің бергір біреу басымның жарылған 
жерін қол орамалмен таңып кетіпті. Денем зіл қара тас, көтертпейді. 
Қолымды  қозғайын  десем,  артыма  қайыра  байланған.  Бойымдағы  қа-
ру-жарақтың ешқайсысы жоқ, сыпырып алса керек. Жатқан жерім сыз
емес, көк шалғынның іші екен, соған шүкір дедім.
Аздап есім жинала бастады. Əуелі атымды іздедім. Жануар жиыр-
ма  қадамдай  жерде  ертоқымымен  жайылып  жүр...  Кенет  құлағыма 
зарлы үн келді. Сонда ғана етектегі ауылға қарадым. Бағанағы Шала-
бай айтқан сөздер есіме түсті. Бəрі соның бұйрығымен орындалса керек 
(Б.Тоғысбаев).
Бұл үзіндіде кейіпкердің өзі баяндап отырған жайттар соңғы сөйлем-
де бəрі есімдігімен жинақталып тұр. Соңғы сөйлем мазмұны алдындағы 
сөйлемсіз тиянақталмас еді.
Өздік  есімдігі  тəуелдік  тұлғада  қолданылатынынан  болар,  алдыңғы 
контекстегі сөйлем құрамындағы зат я құбылыс атауын өзіне «тартып» 
тұрады. Мысалы:
Қырын қарап отырған əкесінің үлкен кесек пішіні Абайға жартылай 
ғана көрінеді. Түсі суық. ....... Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр (М.Əуезов).
Сұраулық  есімдік  қатысқан  сөйлем  мағыналық  жағынан  тиянақсыз 
болады,  себебі  сұраудан  адам  ойы  міндетті  түрде  жауап  іздейді.  Сон-
дықтан мұндай сөйлем сұраудың жауабы табылатын я табылмайтын сөй-
леммен тікелей қатысты болады. Бұл диалогта көп кездеседі, монологтік 
баяндауда да болады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет