312
313
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Бүгінгі көшті бастап келе жатқан қаралы сұлудың жайы осы (М.Əуе-
зов).
2) Мейрам келгелі көбінесе завод өмірін зерттеумен, танысумен бол-
са, кейінгі жұмада қызу жиын, қауырт жұмыстарға араласты. Посел-
келік совет, комсомол, профсоюз ұйымдарын құру, толып жатқан жи-
налыстар өткізу, пікір талқыларына түсу шын өмірге жаңа араласқан
жастың тойпаңын жазып, бірсыпыра ашып тастады (Ғ.Мұстафин).
3) Бір күні үйінің қасына тағы бір көк сақалы бар Можан жетіп
келді. Баяғыда асықты бірге ойнап, молданың алдын бір көрген қалқан
құлақ сығырық неменің қай келгенін тергеп жататын еді, қол қусырып
қонақ етті (Ə.Кекілбаев).
4) Елден аттанып бара жатқан Ақанды түнделетіп жеткен Тас-
танның көзі шалып қалып, соңына түскен. Құлагер болмағанда кім
екенін бай аңдап қалатын еді. Бір абыройы жүйрік аттың арқасында
жігіт құтылып кетті (С.Жүнісов).
Бұл бірліктерде дербес сөйлемдердің құрылымдық байланысы «баста-
уыш – меншіктік анықтауыш» (1-мысалда «
Қарагөз – қаралы сұлудың»,
2-мысалда «
Мейрам - өмірге жаңа араласқан жастың», 3-мысалда «
Мо-
жан – қалқан құлақ сығыр неменің»), «бастауыш – пысықтауыш» (4-мы-
салда «
Құлагер – жүйрік аттың арқасында») түрлеріндегі синтаксистік,
контекстік арақатыстық арқылы жүзеге асып, əр сөйлемде берілген ой
бір-бірімен жалғасып тұр.
Еркін тіркестердің жүйелі синоним болып келуінің дербес сөйлем-
дерді байланыстыруы да аз кездеспейді. Бұндайда құрылымдық арақаты-
настық күрделене түседі, яғни сабақталған сөйлемдердің бір ғана мүшесі
емес, бір мезгілде ең кемі екі мүшесі қатысып тұрады. Мысалдар:
–Арада екі жыл өткеннен кейін, қозы бағып жүрген тоғыз жасар
Рахметті Долбы бай өлгенше сабады. Ашуға шыдай алмай жас бала
түнде үйден шығып, далаға қаңғырып кеткен (С.Ерубаев).
–Ұзақ Ақбейіттегі жиыннан қайтып Таңбалы тастағы өз аулына
таман келгенде, маңындағы көпшілік жан-жаққа, ауыл-ауылына быты-
рап тарап кетіп, қасында селдір ғана топ қалып еді. Осы аз кісінің ішін-
де өзінің бірге туған ағасы Түнғатар қажы келе жатқан (М.Əуезов).
Бұл мысалдардағы асты сызылған сөз тіркестері синонимдік қаты-
настарын белгілі бір дəрежеде контекстен тыс тұрып та сақтай алатын-
дықтарын байқауға болады. Салыстырыңыз:
тоғыз жасар Рахмет – жас
бала; селдір ғана топ – аз кісі.
Қорыта келгенде, тілдік фактілерді талдау дербес сөйлемдердің бай-
ланысына қатысты мынадай ойларға əкеледі:
1) аяқталған дербес сөйлемдердің тізбекті синонимдік байланысы
өзінің синтаксистік мəні жағынан лексикалық жəне есімдікті қайталауға
ұқсас, басқаша айтқанда, тізбекті синонимдік байланыс жағдайында да
аталмыш қайталау жағдайларымен құрылымдық арақатынастық үлгісі
бірдей болып келеді;
2) дербес сөйлемдер лексикалық, лексико-фразеологиялық синоним-
дер көмегімен де, еркін тіркестер синонимдігі көмегімен де жалғаса ала-
ды;
- дербес сөйлемдердің тізбекті синонимді байланысының ерекшелігі
сонда, бұл жағдайда синтаксистік-мағыналық байланыс құралының қыз-
метін атқарып қана қоймайды, сонымен бірге ойды байыта, көркемдей
бейнелеп жалғастырушы стильдік мақсатта да қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: