Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет3/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   374
РЕДАКТОРДАН
 
Қазақ  тілінің  синтаксистік  құрылысы  ХІХ  ғасыр  соңында  орыс
грамматикасының  қалпына  салып  қарастырған  Ресей  ғалымдарының 
ізденістерін  қоспасақ,  төл  тілтануымызда  бір  ғасырдан  бері  зерттеліп 
келеді. Қомақты табыстары да жеткілікті, талдаудан тыс қалған жайтта-
ры да баршылық. Табыстарына тоқталар болсақ, қазақ тілі синтаксисін 
дəстүрлі  құрылымдық  аспектіден  зерттеген  бірнеше  іргелі  еңбектерді 
алға тартуға болады. Жекелеген зерттеулерді былай қойып, ана тіліміздің 
синтаксисін қамтыған академиялық үш грамматиканың өзі – толағай та-
быс.  Алғашқысы – 1954 жылғы  «Қазіргі  қазақ  тілі»  оқу  құралы  ретін-
де жазылып, синтаксистік құрылымның түзілісін сипаттап берді.  Екін-
шісі – 1967 жылғы «Қазақ тілі грамматикасы» қазақ тіліндегі сөз тіркесі, 
жай  сөйлем,  құрмалас  сөйлемдердің  құрылымдық  парадигмасын  ортақ 
тоқтамдарға тоғыстырған академиялық грамматика болды. Соңғы үшін-
шісі – 2002 жылғы  «Қазақ  грамматикасы» - сипаттамалы  жəне  норма-
тивті  грамматика.  Академиялық  грамматикаларды  дайындау  тəжіри-
бесінде сипаттамалы грамматика деп, əдетте, жай, тіркемелік бағыттағы 
сырт сипаттаманы айтады. Жəне олардағы бұл ғылыми сипаттама мін-
детті түрде нормативті саралаумен үнемі сабақтасып жатады. Бұл дəстүр, 
мүмкін  болғанша, «Қазақ  грамматикасында»  да  сақталды:  қазақ  əдеби 
тілінің грамматикалық құрылысының сипаттамасы да солай ғылыми не-
гізге құрылды (яғни, онда түрлі теориялық мəселелерді шешу, тіл фак-
тілерінің ғылыми жүйеленімі сияқты міндеттер көзделді жəне граммати-
каны жалпы нормативтік бағытта жазу жағы да ескерілді) [1]. Байқалып 
тұрғандай, норматив шегінен шықпау мен сипаттама жасау дегеннің өзі 
зерттеуді дəстүрлі құрылымдық парадигмамен өрелейді.
Міне,  көрсетілген  сипаттардың  ықпалымен  қазақ  синтаксисінде 
талдаудан  тыс  қалған  жайттар  бар.  Атап  айтқанда,  тілдің  синтаксистік 
құрылысының кешенді құбылыс екені тиісті шамада ескерілмей келеді, 
осы кешенді тарқатып бермей қазақ тілі синтаксисінің мəн-мазмұны то-


4
5
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
Редактордан
лық ашылмайды. Демек, біз «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік пара-
дигмалар» дегенде бұрынғы шеңберден шығып, зерттеу өрісін кеңейтуді 
көздедік.
Ұсынылып отырған еңбек – теориялық мəселелерді алға тарта оты-
рып, оларды игеруді де мақсат тұтқандықтан монографиялық оқулық си-
патында түзілді, басқаша айтқанда, жанры – ұжымдық монография-оқу-
лық. 
Еңбек – қазақ тілінің дəстүрлі синтаксисіне сүйене отырып тіл синтак-
сисі кешенінің басқа да парадигмаларына барлау жасаудың алғашқы бір 
талпынысы. «Басқа парадигма» дегенде, ең алдымен, синтаксистік бір-
ліктердің аспектілерін, əр деңгейдегі бірліктерінің құрылымымен қоса, 
сол бірлік бойындағы басқа қырларын, басқа қызметтерін еске аламыз. 
Осыған  орай,  монография  шартты  түрде  «Дəстүрлі  синтаксистік  пара-
дигмалар» жəне «Коммуникативтік-прагматикалық парадигмалар» деген 
екі бөлімге бөлініп құрылды. 
Теориялық толғамдардың жүзеге асуын, оқытуда пайдаланылуын көз-
деп əрбір түйінді тақырыптар мазмұнының соңынан білім алушыларға 
арнап семинар сұрақтары, өздік жұмыс тапсырмалары орналастырылды, 
əдебиеттер тізімі берілді.
Оқырманға оқшау көрінер кейбір тұстарым түсіндіре кетейік.
Дəстүрлі  оқулықтар  мен  басқа  да  еңбектерде  хабарлы,  лепті,  сұрау-
лы, бұйрықты сөйлемдер айтылу мақсатына қарай бөлінетін сөйлем түр-
леріне жатқызылып келгені белгілі. «Айтылу мақсаты» дегеннің өзі бұл 
сөйлемдердің коммуникативтік интенцияға қатысты екенін білдіреді ғой. 
Сол себепті бұл еңбекте олар коммуникативтік парадигмаға жататын бір-
ліктер ретінде танылды. 
Бұрын дəстүрлі құрылымдық парадигма аясында қаралып жүрген то-
лымсыз сөйлемдер бұл жолы коммуникативтік таразыға салынды. Өйт-
кені  тіл  білімінде  «ойға  қатысты  мүшелер  түгел  қатысса – толымды, 
түгел  қатысып  тұрмаса – толымсыз»  сөйлем  болады  дейтін  анықтама-
ны шындыққа үйлесімсіз, нақтылық жоқ анықтама деп санаймыз. Шын 
мəнінде,  сөйлемнің  «толымды»  болуы  тым  шартты,  тіпті,  коммуника-
тивтік тұрғыдан қарағанда, болуы мүмкін емес, ал толымсыздықты біз 
контекст,  сөйлеу  (яғни  коммуникативтік)  ахуалы  арқылы  ғана  анықтай 
аламыз. Толымсыз сөйлемді коммуникативтік таразымен өлшеу осы сөй-
лемнің табиғатына сай келеді.
Мүшеленбейтін  құрылымдар  мен  үстеме  құрылымдар  бұл  еңбек-
те  коммуникативтік  арнаға  салынады.  Себебі  бұл  бірліктерді  «таза 
құрылымдық көзбен» қарасақ, коммуникативтік қызметке қатысын көре 
алмас едік, ал қатысым арнасына, яғни контекст аясына түскенде бұлар 
коммуникативтік қызметке кіреді: үстеме құрылымдар коммуникативтік 
қызмет  атқаратын  бірліктің  (сөйлемнің)  ажырағысыз  құрылым  екені 
көрінеді;  мүшеленбейтін  құрылымдар  дербес  сөйлем  сияқты  қызмет 
атқарады. 
Демек,  бұларды  коммуникативтік  тұрғыдан  тексерсек  қана  ғылыми 
нəтиже алатын боламыз.
Монография-оқулық Мемлекеттік тілді дамыту институтында орын-
далған  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  синтаксистік  парадигмалар»  тақы-
рыбындағы  ғылыми  жобаның  өнімі  ретінде  ұсынылып  отыр.  Ғылыми 
жобаны,  əдетте,  уақытша  құрылған  ұжым  жүзеге  асыратыны  белгілі. 
Жұмысты  ұжым  орындағандықтан  пікір  алуандығы  болуы,  тарау-тар-
мақтардың  əртүрлі  деңгейде  болуы – заңды  құбылыс.  Редактор  ретін-
де мұндай алуандықтарды мүмкіндігінше бір арнаға түсіруге тырыстық. 
Мəселен, «Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар» бөлімінде синтаксистік 
бірліктерді  талдау  мазмұнында  тек  құрылымдық-мағыналық  сипаттар 
ғана  емес,  функционалдық-коммуникативтік  сипаттардың  болуын  да 
қолдадық. Сонда, бұл бөлімдегі бұрыннан үйреншікті жай сөйлем, күр-
деленген сөйлем, құрмалас сөйлем санаттары, мұнан бұрын оқырманға 
белгілі оқулықтар, монографиялармен т.б. салыстырғанда, жаңа мазмұн-
мен толығып шықты. Авторлық құқыққа нұқсан келтірмей, пікір еркінді-
гіне үстемдік жасамай кей тармақтарға редактор ретінде түзету жасадық, 
пікір-пайымдар қостық.
Редактор авторлардың пікір, пайымдауларының бəрімен бірдей келісе 
бермейді, бірақ ол пікір, пайымдаулар ғылыми-біліми ақпарат кеңістігін-
де жүруге хақылы деп санайды.
Сонымен,  бұл  синтаксистік  бірліктердің  құрылымдық,  мағыналық, 
функционалдық, коммуникативтік сипаттарын қамти мазмұндаған еңбек 
болып шықты деп санаймыз.


6
7
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Монография-оқулық қазақ тілі синтаксисінің парадигмаларын тауы-
сып  түгелдей  зерттеген  еңбек  деген  атақтан  үміттенбейді.  Бұл  бағытта 
ізденістер мен алынатын нəтижелер алдағы уақытта жалғаса бермек.
Ж.А. Жақыпов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет