Синтаксистік парадигмалар


І бөлім ДƏСТҮРЛІ СИНТАКСИСТІК ПАРАДИГМАЛАР



Pdf көрінісі
бет4/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

І бөлім
ДƏСТҮРЛІ СИНТАКСИСТІК ПАРАДИГМАЛАР
(КІРІСПЕ ОРНЫНА) 
Грамматика  саласы – тіл  ғылымының  ішіндегі  ең  негізгісі.  Тілді  үй-
ренуде болсын, сауат ашуда болсын, тілдердің типологиялық ерекшелік-
терін табуда болсын, тілдің немесе ондағы жеке бірліктердің жұмсалымын 
анықтауда болсын, грамматиканы аттап өту, оған сүйенбеу мүмкін емес. 
Осыған  байланысты  жалпы  тіл  білімінде  грамматикалық  зерттеулерге 
кеңінен көңіл бөлінеді. Оның тарихы сонау ежелгі үнді философтарының 
еңбектерінен бастау алады да, көне грек ойшылдарының (Платон, Аристо-
тель) еңбектерінде жалғасын тауып, бүгінгі күнмен ұласып жатады.
Грамматиканы зерттеудің осындай ұзақ жолында бір-біріне ұқсамай-
тын немесе бірін-бірі толықтыратын бірнеше бағыттағы мектептер пайда 
болды. Бұл мектептер мен теориялық бағыттар ең алдымен зерттелу əдісі-
не қарай дəстүрлі (тұлғалық) жəне жұмсалымдық (функционалды) болып 
екі топқа жіктеледі. Бұл екі бағыттың бастау нүктесі (точка отсчета), зерт-
теу бағыты екі түрлі. Дəстүрлі грамматика тіл жүйесін «құралдық көрсет-
кіштен мағынаға» қарай зерттесе, жұмсалымды грамматика «мағынадан 
құралдық көрсеткішке» қарайғы бағытта қарастырады. Дəстүрлі грамма-
тикалық зерттеулер тілдің тұлғалық жағын нысан етіп алып, дыбыстар-
дан бастап тілдегі күрделі құралдарға шейін қарастырады. Дыбыстардан 
бастап  күрделі  синтаксистік  құрылымдарға  дейінгі  деңгейлік  жүйені 
қамтитын дəстүрлі грамматиканың ізденістері бүгінгі таңда да екі бағытта 
(тіл жүйесіндегі ең ұсақ бірлікті табу – аллофон немесе тіл жүйесіндегі ең 
ірі құрылымдық бірлікті табу – мəтін) бірдей жүргізіліп келеді.
Біздің  тілтану  ілімінде  көбірек  білетініміз  сөз  тіркесінің  байланысу 
түрлері  мен  қатынасы,  сөйлемнің  мақсаты  мен  мағыналары,  олардың 
құрылысы  мен  қолданылуы  туралы  ережелер  жиынтығы  сияқты  т.б. 
мəселелер. Бұны дəстүрлі синтаксис (грамматика) қарастырады. 
Зерттелу тарихы көне замандардан басталатын дəстүрлі грамматика-
ның бүгінде бірнеше атауы бар:
1)  Мұндай  бағыттағы  зерттеулерде  тілдің  формаға  бағынатындығы, 
тілдің  таңбалар  жүйесінен  тұратындығы  бірінші  кезекте  қарастырыла-
тындықтан,  дəстүрлі  грамматика  атауымен  қатар  тұлғалық  грамматика 
термині қатар қолданылады.
2) Дəстүрлі тұлғалық грамматикалық зерттеулер тілді деңгейлік жү-
йелерге бөліп қарастыратындықтан (морфология, синтаксис, сөз тіркесі, 


8
9
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
жай сөйлем, құрмалас сөйлем), оларды кейде деңгейлік грамматика деп 
те атайды.
Біздің  дəстүрлі  синтаксистік  парадигмалар  деп  отырғанымыз – осы 
деңгейлер. Оның терминдері (сөз тіркесі, сөйлем мүшесі, құрмалас сөй-
лемдер т.б.) бізге мектеп қабырғасынан бастап əбден таныс. Бірақ бүгінгі 
ғылымның даму нəтижесіне сүйенсек, оқушыға да, студентке де, аспи-
рантқа  да  дəстүрлі  грамматиканы  (бастауыш  пен  баяндауышты)  оқыта 
беру дұрыс емес. Жоғарғы мектепке тек жүйені ғана емес, оның жұмсалу 
ортасын,  қолдану  заңдылықтарын  қоса  алып  қарастыратын,  оны  адам-
ның ойлау, шығармашылық əрекетімен байланыстыра қарайтын жұмса-
лымды грамматиканы да оқыту қажет. Ол үшін бұл мəселе терең де жүй-
елі түрде қарастырылуы тиіс. Біздің қазақ ғалымдары қазір осы бағытта 
еңбектеніп жатыр. 
Орыс тіл білімінде жұмсалымды грамматиканы əуелі орта мектептер-
де де оқытуды қолға алу керек деген көзқарастар бар. Мəселен, Т.В.Пар-
менова  «Функциональный  подход  к  изучению  грамматики  в  школе» 
атты мақаласында коммуникативтік тұлғаны қалыптастыру үшін мектеп 
бағдарламаларында да тілдік білім, тілдік мəдениет жəне тілдік тұлға де-
ген мəселелерге баса назар аудару керектігін айтады [1, 2 б.].
Сонда бұл екеуінің, яғни жұмсалымды грамматика мен дəстүрлі грам-
матиканың айырмасы неде? деген заңды сұрақ туындайды. 
Жұмсалым туралы дəстүрлі грамматикада да айтылады. Бірақ ондағы 
зерттеу əдісі деңгейлеп бөлу болғандықтан, тілдік бірліктің өзі құрамына 
енетін деңгейдің (фонетика, морфология, синтаксис жəне т.б.) шеңберін-
дегі жұмсалымы ғана сөз болады. Айталық, деңгейлік грамматикада ал-
дымен шақты немесе райды, шырайды білдіретін формаларды анықтап, 
содан кейін барып қана олардың қандай мағына беретіндігін қарастыра-
мыз.
Дəстүрлі бағыттың олқы деген тұсы – тұлға мен мағынаға қатар сүйе-
ну, таза тілдік, логикалық жəне психологиялық санаттар мен бірліктерді 
араластыра қолдану. Сөйлемнің құрылысы бірде тұлғалық, бірде мағына-
лық,  бірде  таза  психологиялық  өлшеулерге  сүйенетін  сөйлем  мүшелері 
арқылы сипатталады. Дəстүрлі синтаксисте сөйлем нақты сөйлеу қатына-
сы жағдайынан тыс қарастырылады. Сөйлесу орны, оның тыңдаушыға қа-
былдануы есепке алынбайды. Дəстүрлі грамматикада бір тілдік бірліктің 
бір-ақ мағынасы бар деп есептелінеді немесе оның негізгі мағынасынан 
өзге сөйлеудегі жұмсалымдық мағыналары толық сипатталмайды. Мəсе-
лен,  дəстүрлі  синтаксис  өкілдері  (жалпы  дəстүрлі  грамматика  өкілдері) 
сөйлемге қатысты «аяқталған ойды білдіреді» деген анықтамасын ешқа-
шан басшылыққа алған емес. Олар үнемі сөйлемді анықтау үшін формал-
ды белгілерге сүйеніп келді. Атап айтқанда, нүктеден (сұрау, леп белгісі 
жəне т.б.) нүктеге дейінгі сөздердің тіркесі сөйлем деп танылды [2, 91 б.].
Тілді парадигмалық аспектіден қарастырудың лингвистикалық негізі 
Ф. де Соссюрдің идеясынан бастау алатындығы белгілі. 
Парадигма  ұғымы  өзінің  генетикалық  жағынан  морфологияға  тəн 
жəне мұны көпшілік ғалымдар мойындайды. Оны сөздіктерде берілген 
анықтамалар да растайды. Морфологияда парадигма грамматикалық са-
нат (санат) ұғымымен байланысты қарастырылады. Кез келген сөз түр-
лендіруші парадигма белгілі бір грамматикалық санатты құрайды.
Синтаксистегі  парадигматикалық  ұғым  да  Ф.  де  Соссюрдің  идея-
сымен сабақтастасып жатады. Синтаксистік бірліктер – сөз тіркесі мен 
сөйлем синтаксистің негізгі нысандары болғанымен, екеуінің өзіне тəн 
парадигмалық сипаты бар, əрі олардың парадигмасы аталған бірліктердің 
ерекшелігін көрсетеді. Кейбір ғалымдар синтаксистік парадигмаға сөй-
лем парадигмасын ғана алуды ұсынады (П.Адамец). Синтаксистің зерт-
теу  нысаны  болып  табылатын  сөйлемнің  синтаксистік  құрылысы  мен 
мағынасы  қазіргі  тіл  білімінде  теориялық  жағынан  түрліше  сипаттала-
ды. Жалпы, синтаксистің негізгі бірлігі ретінде сөйлем өзінің тұлғалық 
жəне мағыналық құрылысы бар грамматикалық санат болып есептеледі.
Сондықтан тілдік белгінің екі жағы ретінде құрылым мен мағына, сөй-
лемді сипаттауда жəне оның қолдануында біртұтас бөлінбейтін бірлікте 
қарастырылады. Сөйлемнің əрі коммуникативтік, əрі нормативтік бірлік 
ретіндегі күрделі сипаты оны тұтас бір семантика-синтаксистік, комму-
никативтік-грамматикалық  жəне  құрылымдық  жақтарынан  өзара  түйі-
суінің, ұштасуының орталығы етеді. Мұның өзі қазіргі синтаксисте сөй-
лемнің көп қырлы (аспектілі) күрделі тілдік құбылыс екенін дəлелдейді. 
Сөйлемнің сол көп қырларының ішінде маңыздысы – оны құрылысы мен 
мағынасының байланысы тұрғысынан зерттеу болып табылады.
И.П.Распопов синтаксистік парадигманы морфологиялық парадигма-
дан ажыратыла көрсетілмегені жайлы айта келіп, синтаксистік парадиг-
маны екі үлкен топқа бөліп көрсетеді: 
1) конструктивтік синтаксис парадигмасы;
2) коммуникативтік синтаксис парадигмасы.
Конструктивтік синтаксис парадигмасын екіге бөледі:
1) Жақ санатының парадигмасы,
2) Етіс санатының парадигмасы.
Коммуникативтік синтаксис парадигмасының мынадай түрлерін көр-
сетеді:
1)  мақсаттық  бағыттағы  парадигма  (хабарлы,  сұраулы  жəне  бұй-
рықты);
2) коммуникативтік мақсаттағы парадигма [3].
Қазақ синтаксисіне қатысты дəстүрлі зерттеулердің барлығында аты 
аталмаса да, синтаксистік парадигма мəселесі ғылымның алғашқы зерт-
телу  тарихынан  бері-ақ  сөз  болып  келеді.  Қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем 


10
11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет