1. Етістікті сөйлемдер. Олардың өз ішіндегі түрлері:
а) заттың іс-əрекетін хабарлаушы: Егінші егін егеді; Сауыншы сиыр сауады; Етікші етік тігеді; Ұшақ ұшады. Мұндай үлгідегі сөйлемдерде іс-əрекеттің мағынасы етістіктің катего-
риалдық-семантикалық ерекшелігіне қарай одан əрі нақтыланады: нақты
іс-əрекет, ойлау-сөйлеу түріндегі іс-əрекет, т.б.
ə) заттың күй-жайын хабарлаушы: Жеміс ағаштары гүлдеді; Оның ұйқысы келді; Ата-ана алаңдаулы. б) ортаның күй-жайын хабарлаушы: Ымырт үйірілді; Боран үдеді.