68
69
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
(етістік баяндауыштар күрделі болады, жақтық парадигмаға ие болмай-
ды; есім баяндауыштар күй-жайды білдіретін сөздер болады (
маған
қиын), күй-жайды білдіретін тұрақты тіркестер болады (
мұртын балта
шаппайды). Жақсыздықты осылай түсінсек қана, əдетте, жалпы баста-
уышсыздық белгісі бойынша біріктіріліп жүрген əртүрлі құрылымдық
модельдерді жіктеп топтастыруға болады.
Сөйлем құрылымында оның болмыспен байланысын жүзеге асы-
рушы, мəндік жəне белгілік компоненттерін нақтылы-типтік тəсілмен
бейнелейтін, табиғатынан қос мүшелі дыбыстық ойлау актісі көрініс та-
бады.
Нысанының негізгі, мəнді белгілерін екінші дəрежелі белгілерден
ажырата білу керек. Сөйлемнің компоненттік құрылымы зат, құбылыс-
тың мəнді табиғи болмысын бере алады, сөйлемнің өзінің өмір сүруін,
коммуникативтік қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Оған қарағанда,
атау тұлғадағы бастауыштың болу-болмауы сөйлемнің көптеген үлгілері
үшін мəнді белгі бола алмайды (жалпылық сипатқа ие бола алмайды).
Сөйлемнің субъектілік компонентінің атау тұлғадағы бастауыштан басқа
да, тіпті, одан да сенімді формалды-грамматикалық белгілену (тұлғала-
ну) жолдары бар: оған сөз таптарының категориалдық мағыналары жəне
олардың сөйлемдердің негізгі типтік мағыналарына сəйкестігі жатады:
1) заттың іс-əрекеті туралы хабарлайтын болсақ, предикат қызметінде
етістікті пайдаланамыз; 2) заттың белгі-сапасы туралы хабарлайтын бол-
сақ, предикат-сын есімді пайдаланамыз; 3) заттың санын хабарласақ –
сан есімді; 4) адамның не заттың күй-жайын хабарласақ – предикат-сын-
ды пайдаланамыз т.т.
Тілдегі сөздер объективті шындықтың құбылыстары мен қатынас-
тарын, соған сəйкес адамзат ойлауының санаттарын бейнелейтіні
белгілі. Олар морфологиялық, синтаксистік, семантикалық белгілері-
не қарай сөз таптарының əртүрлі топтарын құрайды. Əр сөз табының
(негізгі) категориалдық мағынасы, басқаша айтқанда, семантикалық
белгісі шындық əлемнің негізгі санаттарының бірінің мағынасын бе-
реді: заттық мағына, іс-əрекеттік мағына, белгі-сапалық мағына, сан-
дық мағына т.б.
Сөйлемдегі баяндауыштың категориалдық-морфологиялық түр-
лері өз бастауыштарымен бірлікте белгілі бір құрылымдық-мағыналық
мазмұнға ие сөйлем түрлерін (модельдерін) құрайды. Сөйлем үлгісін
анықтауда сөйлемнің предикативтік белгісінің тілдік бейнелеу ерекшелі-
гін басшылыққа алу шындық болмыстың белгісінің сипатына жəне ұлт-
тың тілдік санада оларды санаттарға бөлуге сəйкес келеді. Осы тұрғыдан
сөйлемнің негізгі үлгілері мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: