2.3 Жай сөйлем құрамындағы бірліктер (сөйлем мүшелері) 2.3.1 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Жай сөйлем құрылымына қарай екі негізді жəне бір негізді болып
бөлінеді.
Екі негізді жай сөйлемнің предикативтік негізі тұрлаулы мүшелердің
– бастауыш пен баяндауыштың тіркесуінен жасалады. Бір негізді жай
сөйлемнің предикативтік негізі бір ғана тұрлаулы мүшеден тұрады. Мы-
салы: Ай жап-жарық болып тұр (екі негізді сөйлем). Жарқыраған ай (бір негізді сөйлем).
Бастауыш пен баяндауыш – екі негізді жай сөйлемді құрайтын бас
мүшелер.
Тіл туралы зерттеулерде бастауышты субъект, баяндауышты предикат
деп қолдану дəстүрі орын алған. Бірақ субъект пен бастауыш, предикат
пен баяндауыш үнемі сəйкес келе бермейді. Мысалы: Ағамның Астанада тұрғысы келеді. Сөйлемдегі субъект – ағам. Бірақ ол сөйлемде анықта-
уыш қызметінде жұмсалған.