2. Сын есімді сөйлемдер (заттың белгі-сапасын, жағдайын хабарлау-
шы): Оның денсаулығы жақсы; Күн ашық; Үйдің іші кең, үлкен. 3. Зат есімді сөйлемдер:Билет қалтада; Мектеп үйдің жанында; Қасқыр – жыртқыш аң; Түн. Вокзал басы. 4. Үстеулі сөйлемдер:Емтихан – бүгін; Африка – алыста; Орманда тыныш; Оның жүрісі төтен. 5. Сандық мағынаға ие сөйлемдер (заттың сан-мөлшерлік сипатын
білдіреді) : Біз үшеуміз; Олар көп. Əрине, жай сөйлемдерді бұлай топтау əлі де жетілдіре түсуді қажет
етеді. Алайда сөйлемнің мазмұны мен оны бейнелеуші тілдік құралдар-
дың сəйкестігі жағынан бұлай жүйелеудің қисыны бар.