110
111
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Екінші топқа жататындар қимылдың субъектіге қатысы жағынан,
субъект мəнінің ерекшелігі жағынан үш топқа жіктеледі:
белгісіз жақты
сөйлемдер, жанама жақты (жақсыз) сөйлемдер, жалпылама жақты
сөйлемдер.
Нақтылы бір сөйлеу жағдайында, контексте жай сөйлем типтері
то-
лымсыз да болып жұмсала береді.
Мүшеленбейтін сөйлемдерді лексика-грамматикалық жасалу ерек-
шеліктері жағынан үш топқа бөлуге болады:
есімдерден құралған (атау-
лы) сөйлемдер, арнаулы модальдік сөздерден құралған сөйлемдер, одағай-
лардан құралған сөйлемдер» [7, 3-44 бб.].
Қазақ тіл білімінің кейінгі дамуында соңғы жіктелісті жақтаған
жəне оны жетілдіру бағытында ізденістер жүргізген ғалымдар да болды
(Р.Əмір, Ж.Сəдуақасұлы, Б.Шалабай т.б.).
Сонымен, сөйлемді құрылымдық жағынан алдымен мүшелену мүм-
кіндігіне қарай: 1)
мүшеленетін жəне 2)
мүшеленбейтін сөйлемдер деп
жіктеуге бөлінеді.
Мүшеленетін сөйлемдер:
1. Бас мүшелердің қатысына қарай:
бір негізді жəне екі негізді;
2. Бір негізді сөйлемдер логика-грамматикалық құрылымы жағынан:
белгілі жақты, белгісіз жақты, жанама жақты, жалпылама жақты;
3. Бір негізді жəне екі негізді сөйлемдер:
а) тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай:
жалаң жəне жайылма;
ə) баяндау мүшесі жасалатын сөз табына қарай:
етістікті жəне
есімді;
б) жалпы модальдік сипатына қарай:
болымды жəне болымсыз;
в) ойға қатысты мүшелердің толықтығына қарай:
толымды жəне то-
лымсыз сөйлемдер болып ажыратылады
;
4. Екі негізді сөйлемдер грамматикалық жақтың қатысына қарай:
жақты жəне жақсыз – деп жіктеледі.
5. Мүшеленбейтін сөйлемдерге:
атаулы сөйлемдер, вокатив сөйлем-
дер, модаль сөздер мен одағайлардан жасалған сөйлемдер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: