Синтаксистік парадигмалар


кативтік мəні семантикалық тұрғыдан бір ғана бас мүше бойында



Pdf көрінісі
бет103/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   374
кативтік мəні семантикалық тұрғыдан бір ғана бас мүше бойында 
болатын, грамматикалық құрылымы екінші бас мүшемен толықты-
руды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз.
Бір  негізді  сөйлемдер  бас  мүшенің  қай  сөз  табынан  жасалуына  қа-
рай есімді жəне етістікті деп бөлінеді. Ал етістікті бір негізді сөйлемдер 
семантика-грамматикалық жағынан төртке бөлінеді: белгілі жақты, бел-
гісіз жақты, жанама жақты, жалпылама жақты.
Белгілі жақты бір негізді сөйлемдердің жасалуы:
1) бас мүше (баяндауыш / предикат) 1, 2-жақ бұйрық, қалау, шартты, 
кейде контекст ыңғайында ашық райлардың жекеше жəне көпше тұлғасы 
арқылы  жасалады:  –  Не  айтам?  Ойланайын...  Қабырғаммен  кеңесейін 
(Е.Домбаев). – Балам-ай, келші, басын көтерейік... (Ғ.Мүсірепов). – Кет-
сем, кетемін, батырсам, батырайын қарамды! (Д.Исабеков). – Кетіңіз-
ші, өтінемін!.. Сау болыңыз!.. (Д.Исабеков). – Əй, шырағым балам, əуелі 
ар  жағыңда  əкең  тұр...  Сəлем  бер  (М.Əуезов). – Телғара!  Айналайын, 
Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! (М.Əуезов). – Жаным-ау! 
Адам баласысың ғой... Айтып өлтірсеңші!.. (М.Əуезов) т.б.
2) бас мүше есімшеге, -ушы тұлғалы қимыл атауына, толық мағына-
лы сөздерге көмекшілердің тіркесуі арқылы жасалады: – Жаман сасық 
ұрыңды  тапқан  екенсің!.. (М.Əуезов). – Ауыздарыңнан  шығарушы  бол-
маңдар!.. (С.Мұқанов). – Тоқтат, қаңғырған нəлет, бүлдірдің деген соң 
бүлдірдің! (А.Тоқмағамбетов). – Бір қимылды істеуін істедің, бірақ енді 
сақ бол! (Д.Исабеков) т.б.
3)  бас  мүше  тұрақты  тіркестердің  өзі  не  солардың  қатысуы  арқылы 
жасалады: ...Ел аузына қақпақ болып көрші!.. (М.Əуезов). – Ақылдассаң, 
əліптің артын бағайық... (Е.Домбаев). – Саған бүгін осы үйден қара су 
татырсам ба!.. (Ə.Нұрпейісов). – Жанқияр молдаға ұшықтатып, дем-
салдырмадық па?.. (О.Бөкеев) т.б.
4)  бас  мүше  əртүрлі  модальдік  мəндерді  білдіретін  құрылымдардан 
жасалады:  – ...Осында  қона  кетсем  қайтеді? (Д.Исабеков) – өтініш
– Бұл сөздің аузыма қалай түскенін білсем неғылдейсіз! (Д.Исабеков) – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет