Синтаксистік парадигмалар


бір  негізді  жалпылама  жақты  сөйлем  деп  бас  мүшесі  (предикат-



Pdf көрінісі
бет105/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   374
бір  негізді  жалпылама  жақты  сөйлем  деп  бас  мүшесі  (предикат-
тық мүше) белгілі бір жақтық тұлғада (көбінесе – 2-жақта, кейде 1 
жəне 3-жақта да) тұрғанымен, сөйлем семантикасы іс-əрекеттің үш 
жақтың кез келгеніне қатысы бола алатындай мағынаны білдіретін 
сөйлемді айтамыз. 
Жалпылама жақты бір негізді сөйлемнің бас мүшесі мынадай жолдар-
мен жасалады:
1) бас мүшесі дара жəне күрделі етістіктердің 2-жақтық ашық райлы 
тұлғада  келуі  арқылы:  ...Ол  кезде  партия-сартияңды  кім  білген,  атын 
күнде естіп отырсаң да, затына түсінбейсің (Ғ.Мүсірепов). ...Бірақ қай 
жақтағы бір боқмұрынның алдында білмеймін деп қалай кішірейе қояр-
сың (С.Асылбеков).
2)  бас  мүшесі  түйдекті  жəне  тұрақты  тіркестер  мен  есімдерге  «де», 
«бол» көмекшілерінің тіркесуі арқылы: ...Күйіп бара жатсаң қалай сы-
пайы боларсың (Д. Исабеков). ...Бұл не деген опасы жоқ өлім десеңізші 
(О.Бөкеев). ...Топ ішінен жалғыз сені жау алар деймісің (Д.Исабеков).
3)  бас  мүшесі 2-жақтық  бұйрық  райлы  етістіктің  дара,  күрделі  түр-
лерінен:  ...Бүгін  сағы  сынды  деп,  жақыныңды  басынба  (Қаз  дауысты 
Қазыбек). Айтпас жерде тіліңді тарт (Мақал). – О, шіркін балалықты 
қойсайшы (Д.Исабеков). Ал осыдан кейін мықты болсаң тырыспай көр! 
(С.Асылбеков).
4) бас мүшесі қалау райының 2-жағынан: ...Осы бір таза ауаны кеу-
деңді  толтыра  жұта  бергің  келеді  (Ə.Сəрсенбаев).  Біздің  ауылда
жетінші  кластан  əрі  қарай  жоқ, «ілім»  қусаң,  Арысқа  баруың  керек 
(Д.Исабеков).
5) бас мүшесі 1-жақтық тұлғада келген мақал-мəтелдер мен афоризмдер: 
Қысыла-қысыла қыз болдым (Мақал). Ауру емес, жын емес, мінезді қайтіп 
жазамыз (Мақал). Онға келдім – ойнадым, қызығына тоймадым. Жиыр-
маға келдім – бойладым, онда да балалықты қоймадым... (Жетес би).
6)  мақал-мəтелдер  мен  афоризмдер 3-жақтық  тұлғада  да  жалпылық 
мағына  білдіреді:  Көре-көре  көсем  болады  (боламын,  боласың),  сөй-
лей-сөйлей шешен болады (боламын, боласың) т.б. Мұндай үш жақта да 
қолданылу мүмкіндігі бар бір негізді сөйлем түрі жалпылама жақты 
сөйлем болады.
 Ал осы тұлғада келген кей мақал-мəтелдерді үш жақта да қолдануға 
болмайды, олар белгісіз жақты бір негізді сөйлемге жатады. Мысалы: 
Елде  болса,  ерінге  тиеді,  ауылда  болса,  ауызға  тиеді.  Əкесі  өлгенді  де 
естіртеді т.б.
Қазақ тілінде осы сияқты бас мүшесі 3-жақтық тұлғада келіп белгісіз 
жақтық  мағынада  қолданылатын,  яғни  жақты  білдіретін  арнайы  сөздің 
сөйлем семантикасы үшін мəні болмайтын, тек орындалған істі ғана ба-
яндау мақсаты болған сөйлемдер біршама кездеседі. Ондай сөйлемдерге 
жоғарыда аталған мақал-мəтелдерден басқа Жиылыста Омбы мен Қы-
зылжарды  большевик  билеп  алғанын  хабарлады  (Ғ.Мүсірепов),  Бүгінгі 
шыққан ауылымызды «Ерекең ауылы» дейді деген тəрізді сөйлемдер жа-
тады. Сонымен, бас мүшесі 3-жақтық тұлғада берілгенімен, іс-əрекет-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет